Құрметті клиенттер мен серіктестер!
Қазком-Полис өз қызметін жоспарға сай жүзеге асырып, айтарлықтай табыстарға қол жеткізе алған тағы да бір қаржылық жыл өз мәресіне келіп жетті.
«Сақтандыру» сөзі бізге ағылшынның «insurance» деген сөзінен енген, оның түбірі «сенімділік» деп аударылады. Сақтандыру сөзі әлемнің кез-келген тілінде бір-ақ мағынаға ие: ол мүлікті, денсаулықты және өмірді қаржылық қорғау.
Бүгінгі біздің тұрақтылығы жеткіліксіз уақытта өзімізге аса қымбат нәрсенің барлығын қорғап, сақтай білу ерекше бағаланады. Сақтандыру саласындағы әлемдік жаңа технологиялар мен компанияның сақтандыру нарығындағы көп жылдық тәжірибесі біздің клиенттеріміз бен серіктестеріміздің мүддесін қорғау күзетінде тұр.
Өткен жыл қорытындысы біздің компанияның ауқаттылығы мен жарқын болашағы туралы әңгіме етуге мүмкіндік береді.
2011 жылдың 1 қаңтарында компанияның брутто-сыйлықақысы 16,40 млрд. теңгені, нетто-сыйлықақысы 4,12 млрд. теңгені құрады, ал компанияның таза пайдасы 1,23 млрд. теңгені құрады. Компанияның активтері 14,74 млрд. теңгені, ал жеке капиталы 8,63,млрд. теңгені құрады. Компанияның нарық үлесі 12%-ды құрады.
2010 жылы компания өз аумағын айтарлықтай кеңейтті, көптеген жаңа сақтандыру орталықтары ашылды, клиенттерді тарту мен олардың адалдығын арттыруға бағытталған тиімді жарнамалық акциялар өткізді.
Бүгінгі таңда біз өз клиенттерімізге әлемдік деңгейдегі ең озық, заманауи, сенімді және сапалы сақтандыру өнімдерін ұсынамыз.
Біз қолдау көрсеткені үшін акционеріміз Қазкоммерцбанкке ұйымшыл команда, компанияның басты қозғаушы күші ретінде, ал клиенттеріміз бен серіктестерімізге сенімдері мен ұзақ уақыт ынтымақтастық танытқандары үшін алғыс білдіреміз! Біздің беделіміз, қаржылық қорымыз бен көпжылдық тәжірибеміз саны әрдайым өсіп отыратын клиенттерімізге болашаққа батыл қарауға және барлық жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз!
Шын ниетпен,
Қазком-Полис