Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
Жеке тұлғалар үшін

Жеке тұлғалар үшін

Отбасының тыныштығы мен қаржылай қорын қамтамасыз ету – міне, өмірдің мәні!!! Қиын жолды таңдаудың қажеті жоқ – Қазкоммерц-Полис Сіздің тыныштығыңызды қамтамасыз ететін сақтандырудың түрлі бағдарламаларын ұсынады.

Сізді қоршаған түрлі тәуекелдер төмендегідей сақтандыруға жатады:



  • Мүліктің жоғалу немесе бүліну тәуекелі

  • Үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілік тәуекелі

  • Денсаулықты және емге қажет қаржыны жоғалту тәуекелі


Егер Сіз бізге келуге уақыт бөле алмасаңыз, онда:

  • агент шақыру қызметін немесе,
  • On-line полисін сатып алу қызметін пайдаланыңыз.
Қазкоммерц-Полистің сақтандыру бағдарламалары — Сіздің бақытыңыздың кепілі!


Полисті сатып алыңыз


Бонус-малус



info@kkp.kz ізденіс

© 2012 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс



 Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08

Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесінің төрағасы

 

Сергей Дмитриевич Мокроусов,

C42 жаста, Павлодар мемлекеттік университетін «Экономика және өнеркәсіптегі басқару» мамандығы бойынша бітірген, The Amos Tuck School Of Business Administration-да Master of Business Administration біліктілік дәрежесін алды. 2003 жылдан бастап Қазкоммерцбанк құрылымында қызмет атқарып келеді, Жобаларды қаржыландыру департаменті Талдау бөлімінің бастығы, Өнімдерді қолдау департаментінің директоры лауазымдарында еңбек еткен. Қазіргі уақытта Kazkommerts International B.V, Kazkommerts Capital 2 B.V, Kazkommerts Finance 2 B.V. компаниясының директоры, «Москоммерцбанк» КБ (ООО) директорлар кеңесінің мүшесі және «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарушы директоры болып табылады.

Директорлар кеңесінің мүшелері

Оксана Станиславовна Радченко,

Мәскеу инновациялар менеджменті академиясының «Ұйымдар менеджменті» мамандығы бойынша дипломына ие. Сақтандыру саласындағы өз қызмет жолын 1999 жылы «Медеу» сақтандыру компаниясында жеке сақтандыру департаментін басқарудан бастады. 2000 жылдан бастап «БТА» АҚ сақтандыру компаниясында жеке сақтандыру бөлімін басқарды, осы қызметті кейінірек 2002 жылы қайта басқарды. 04.09.2006 жылдан бастап «Қазкоммерц - Life» өмірді сақтандыру жөніндегі компанияның Басқарма төрағасы.

 

Ермек Әскербекұлы Құдабаев,

42 жаста, Мәскеудегі Октябрь революциясы ордені мен Еңбек Қызыл Ту ордені құрыш және қорытпа институттарының инженер-экономист мамандығы бойынша дипломдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжалдау институтының МВА дипломыне ие. «Қазкоммерц-Life» АҚ тәуелсіз директоры (бұл қызметті 2011 жылғы 18 наурыздан бастап атқарады). «Chagala Group Limited» компаниясының қаржы директоры лауазымында қызмет атқарады. Сонымен қатар, үстіміздегі уақытта «Қазкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясының тәуелсіз директоры болып қызмет атқарады. Төмендегідей басқарушы лауазымдарда қызмет атқарған: «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қаржы директоры, Bekem Metals Inc. компаниясының қаржы жөніндегі вице-президенті, Bekem Metals Inc. компаниясының Директорлар кеңесі Президентінің/Төрағасының атқарушы директоры.

Басшылық

Берік Әбуов

Басқарма төрағасы,

Әбуов Берік Сағымбайұлы 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1998 жылы Бүкілресейлік сырттай қаржы-экономикалық институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылдың тамызынан бастап 2007 жылдың ақпанына дейін «Қазақстанның тұрғынүйқұрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2007 жылдың наурыз айынан бастап 2009 жылдың тамыз айына дейін «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында еңбек еткен. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап 2012 жылдың 16 қаңтарына дейін «Грантум ЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет істеген.

Исағали Қонысбаев

Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі,

Ленинград мемлекеттік университетінің қолданбалы математика және басқару үрдістері факультетін бітірген. СFA институтының (CFA Institute) мүшесі. Бұрынырақ «Казахинстрах» СК басқарушы директоры лауазымында, «МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ зейнетақы қорының басқарушы директоры, Centras Securities Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. ҚР Ұлттық банкінде Ақша операциялары департаменті Талдау және қаржылай нарық басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.

Ерлан Бурабаев

Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі,

Мемлекеттік Сәулет және Құрылыс Академиясын «Экономика және құрылысты басқару» мамандығы бойынша, Бүкілресейлік Қаржы-экономикалық институтын (Мәскеу қ.) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ Басқарушы директоры, «Сентрас Секьюритиз» АҚ Басқарушы директоры, «Алматы Инвестмент менеджмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры, «МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Халық Казахинстрах» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

Атина Бектуреева

Басқарушы директор – Қайта сақтандыру департаментінің директоры,

Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясының «Халықаралық экономикалық қатынастар» факультетін бітірген. «Лондон-Алматы» АҚ Бас директорының орынбасары болып қызмет атқарған, «Лондон-Алматы» АҚ Бас директорының міндеттерін атқарған, «АТФ Полис» АҚ Корпоративтік сақтандыру және қайта сақтандыру департаментінің директоры, «KBS Garant» АҚ Андеррайтинг бөлімінің бастығы, «Premier Insurance» АҚ Андеррайтинг және қайта сақтандыру бөлімінің бастығы, «МОІ (МЕНІҢ) Сақтандыру брокерім» ЖШС Қайта сақтандыру бойынша директор, «Казахинстрах» АҚ Андеррайтинг және қайта сақтандыру департаментінің директоры лауазымдарында қызмет атқарған.   

Бауыржан Молдахметов

Басқарушы директор – Аймақты дамыту басқармасының бастығы,

Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясының (Халшар) «Өнеркәсіптегі менеджмент» факультетін бітірген. Еңбек жолын жинақтаушы зейнетақы жүйесінде бастаған. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу комитетінде қызмет атқарған. «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қорында» түрлі қызметтер атқарған. «Казахинстрах» Қазақстан Халық банкінің ЕСК» АҚ филиалдармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры, « Allianz Kazakhstan СК» АҚ Басқарушы директоры қызметтерінде еңбек еткен.



Полисті сатып алыңыз


Білу маңызды


Бонус-малус



Агентті шақыру



Внимание!
Не установленна необходимая версия Flash.




info@kkp.kz ізденіс

© 2012 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс



 Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
Заңды тұлғалар үшін
Ерiктi


Полисті сатып алыңыз


Бонус-малус



Заңды тұлғалар үшін (ерікті сақтандыру)



Қазкоммерц-Полис Сіздің бизнесіңіздің сәтті жүргізілуін қамтамасыз етеді және сақтандыру саласында кешенді түрдегі шешімдерді ұсынады. Біз өмірде кездесетін тәуекел түрін толықтай жоққа шығармаймыз, бірақ соның салдарының материалдық жағын өз мойнымызға алуға дайынбыз.

Қазкоммерц-Полистің негізгі мақсаты — әрбір басшыға тәуекел-менеджментінің кешенді жүйесін құруға көмектесу. Сондықтан да біз бизнестің әрбір саласына арнап өзіндік сақтандыру аспаптарының жиынтығын жасап шығардық.

Біз заман талабына сай қадам басудамыз және Сіздің жеке бизнесіңізге арнайы жаңа сақтандыру бағдарламаларын жасап шығаруға дайынбыз. Тәжірибелі мамандар кез келген уақытта тәуекел бағасын береді және сақтандыру өнімін ұсынады.

Қазкоммерц-Полистің сақтандыру бағдарламалары — Сіздің бизнесіңіздің жетістік кепілі!
info@kkp.kz ізденіс

© 2012 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс