Компания миссиясы
даму негізі ретіндегі ӘРІПТЕСТІК,
*сапа кепілдігі ретіндегі КӘСІПТІЛІК және ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ,
*қоғам мүддесіне лайықты қызмет ету ретіндегі СЕНІМДІЛІК.
«Казкоммерц-Полис» СК — ол:
- 22 түрлі сақтандыру лицензиясы;
- жеке және заңды тұлғалар қызметінің барлық саласын сақтандыру қорғанысы;
- жоғары білікті қызметкерлер құрамы;
- тәуекел мен залалды сараптау және бағалаудың қалыптасқан жүйесі;
- сақтандыру тарапында қызмет көрсетудің теңгерілген жиынтығы;
- басқарудың қазіргі заманға сай тәсілдері;
- жүргізілетін сақтандыру келісімдерінің сенімділігі мен тиімділігі;
- жүктелген міндеттемелердің кіршіксіз орындалуы;
- соңғы ақпараттық технологияларды қарқынды түрде енгізу;
- қызмет этикасы мен құпиялылықтың сақталуы;
- сенімді әрі тұрақты көшбасшының атағы мен беделіне лайық болуы;
Атауы:
«Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы
Тіркелу мерзімі:
1996 жылғы 26 желтоқсан
Акционерлер:
Біздің Акционерлеріміз компания сенімділігі мен тұрақтылығының маңызды факторы мен оның қарқынды даму кепілінің негізі болып табылады.
- «Казкоммерцбанк» АҚ
- Қайта құру мен дамудың еуропалық банкі – ҚДЕБ
Біздің қызметкерлер:
сақтандырудың түрлі салаларында мол қызметтік тәжірибеге ие және Лондон, Мюнхен, Вена және Мәскеуде оқудан өткен, Lloyd’s, Munich Re, Heath Group, Willis, Windsor, Oakeshott және т.б. синдикаттарда еңбек стажын толықтырған мамандарымыздың жоғары кәсіби деңгейі Компаниямыздың жоғары қуатын көрсетеді.
Қызметкерлер құрамы мен басқару командасының ұтқырлығы, құзыреттілігі, ұйымшылдығы дүниежүзілік сақтандыру нарығында Компанияның қарқынды түрде алға жылжуына мүмкіндік береді.
Біздің марапаттарымыз:
Компанияның алған марапаты Компания қызметінің тиімділігін, оның қазақстандық және халықаралық нарықтағы беделін мойындаудың куәсі болып табылады. Олар:
- ТМД және Еуропа елдерінің сақтандыру нарығында ең қарқынды даму үстіндегі компания ретінде танылған “EUROMarket 2002” жүлдесі;
- Француз Өнеркәсіп Бірлестігі Ассоциациясының (ӨБА) «Алтын медалі»;
- 2004 жылғы ақпаратты ашылу компаниясының өз жүлдесі;
- «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі;
- Қазақстан балаларының шығармашылығына арналған «Балалар әлемді бейнелейді» альбомдық сериясына қолдау көрсетуге берілген диплом.
