Денсаулықты
Сақтандыру жағдайы туындағанда іске асырылуға тиіс әрекеттер

1. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде медицина мекемесіне барып, олардың көрсеткен қажетті қызметтерін қабылдау. Қажетті медициналық қызметті қабылдағаннан кейін оны құжатты түрде рәсімдеу (сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттарды алу).
2. Құзыретті органдарда сақтандыру жағдайының құжатты түрде рәсімделуін қамтамасыз ету.
- Өрт шыққанда — өрт сөндіру қызметінде;
- Жол-көлік оқиғасында — жол полициясында;
- Басқа да органдарда.
3. Мерекелік және демалыс күндерін есептемегендегі 3 (үш) күннің ішінде сақтандыру жағдайының туындауы жөнінде сақтандырушыға жазбаша мәлімдеу. Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда, сол күннен бастап 30 (отыз) күн аралығында сақтанушы/пайда алушы бұл жөнінде сақтандырушыға жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
4. Барлық қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізеді.
