Автомобильді
Жол-көлік оқиғасы кезінде (ЖКО кезінде алған кез келген жарақат)
1) апатты жағдай комиссарын (ККП өкілін) шақыру;
- 02 телефоны арқылы жол полициясы өкілін шақыру;
- өрт шыққанда — 01 телефоны арқылы өрт сөндіру қызметін шақыру;
- дене жарақатын алғанда — 03 телефоны арқылы медициналық жедел жәрдем қызметін шақыру;
2) орын алған оқиғаны аталған органдарда құжатты түрде рәсімдеу;
3) бес күннен асырмай, бүлінген кзөлік құралын ККП өкілінің тексеруіне дейін сол қалпында сақтау,
4) үш күннен кешіктірмей, сақтандыру жағдайының туындағаны жөнінде сақтандырушыға (ККП) жазбаша өтініш беру;
5) сақтандырушыдан (ККП) ендігі атқарылатын әрекеттер жөнінде ақпарат алу және сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттардың тізімін анықтау.
Табиғи апат жағдайларында және басқа да күтпеген оқиғалар орын алғанда
1) апатты жағдай комиссарын (ККП өкілін) шақыру;
- ТЖМ қызметін шақыру (Алматы қаласы бойынша байланыс телефоны — 051)
- өрт шыққанда — 01 телефоны арқылы өрт сөндіру қызметін шақыру;
- дене жарақатын алғанда — 03 телефоны арқылы медициналық жедел жәрдем қызметін шақыру;
2) орын алған оқиғаны аталған қызмет орындарында құжатты түрде рәсімдеу;
3) бес күннен асырмай, бүлінген көлік құралын ККП өкілінің тексеруіне дейін сол қалпында сақтау,
4) үш күннен кешіктірмей, сақтандыру жағдайының туындағаны жөнінде сақтандырушыға (ККП) жазбаша өтініш беру;
5) сақтандырушыдан (ККП) ендігі атқарылатын әрекеттер жөнінде ақпарат алу және сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттардың тізімін анықтау.
Үшінші тұлғалардың заңға қарсы әрекет жасаулары кезінде
1) апатты жағдай комиссарын (ККП өкілін) шақыру;
- 02 телефоны арқылы ішкі істер органының өкілдерін шақыру;
- өрт шыққанда — 01 телефоны арқылы өрт сөндіру қызметін шақыру;
2) орын алған оқиғаны аталған қызмет орындарында құжатты түрде рәсімдеу;
3) бес күннен асырмай, бүлінген көлік құралын ККП өкілінің тексеруіне дейін сол қалпында сақтау,
4) үш күннен кешіктірмей, сақтандыру жағдайының туындағаны жөнінде сақтандырушыға (ККП) жазбаша өтініш беру;
5) сақтандырушыдан (ККП) ендігі атқарылатын әрекеттер жөнінде ақпарат алу және сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттардың тізімін анықтау.
Сақтандыру төлемін жүзеге асыру кестесі

1. Сақтандыру жағдайы туындаған кездегі сақтандырушының әрекеті
а) Тиісті органдарға хабарлайды: жол полициясы бөлімшелеріне, өрт сөндіру қызметіне, жедел жәрдем қызметіне (дене жарақатын алған жағдайда).
ә) Сақтандыру жағдайының туындауын сақтандырушыға жазбаша түрде хабарлайды.
б) Сақтандыру төлемін алуға қажетті құжаттардың жинағын жүргізеді және оны сақтандырушыға жібереді.
2. Сақтандырушы бүлінген мүлікті бағалау үшін зиян шегушіні тәуелсіз сарапшыға жібереді.
3. Тәуелсіз сараптау компаниясы бағалау есебін сақтандырушыға жібереді.
Сақтандырушы бүлінген мүлікке берілген баға есебін зиян шегушінің (пайда алушының) танысуына ұсынады.
4. Сақтандырушы зиян шегушіге (пайда алушыға) сақтадыру төлемін жүргізеді.
Тікелей реттеу кестесі

1. Сақтандыру жағдайы туындаған кездегі сақтанушының әрекеті.
а) Тиісті органдарға хабарлайды: жол полициясы бөлімшелеріне, өрт сөндіру қызметіне, жедел жәрдем қызметіне (дене жарақатын алған жағдайда).
ә) сақтандыру шартына келісім жасалған сақтандырушыға сақтандыру жағдайының туындауы жөнінде жазбаша түрде хабарлайды.
б) Сақтандыру төлемін алуға қажетті құжаттардың жинағын жүргізеді.
Производит сбор документов, необходимых для получения страховой выплаты.
2. Сақтандырушы сақтанушыны бүлінген мүлікті бағалау үшін тәуелсіз сарапшыға жібереді.
3. Тәуелсіз сараптау компаниясы бағалау есебін сақтандырушыға жібереді. Сақтандырушы бүлінген мүлікке берілген баға есебін зиян шегушінің (пайда алушының) танысуына ұсынады.
4. Сақтандырушы сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізеді.
5. Сақтандырушы сақтандыру жағдайының туындауы жөнінде кінәлі тұлғаның сақтандыру компаниясына хабарлайды.
6. Сақтандырушы кінәлі тұлғаның сақтандырушысынан шығын өтемақысын алады.
