ЕАҚЖ
Кедендік органдар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру
Кедендік органдар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру Қазақстан Республикасы Кедендік кодексінің 338, 339, 340,344, 345-баптарына сәйкес кедендік төлемдерді өтеу міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету түрінің бірі болып табылады.
Сақтандырылушының кедендік шекарадан өту кезінде Қазақстан Республикасының Кедендік кодексімен белгіленген салықтары мен кедендік төлемдерді өтеу міндеттерін орындамауы салдарынан кедендік органдар алдында тасымалдаушы жауапкершілігінің туындауымен байланысты сақтанушының мүліктік мүддесі сақтандыру нысаны болып табылады.
Сақтанушының Қазақстан Республикасының шекарасынан жүкті өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Кедендік кодексімен белгіленген салықтары мен кедендік төлемдерді өтеу міндеттерін орындамауы салдарынан кедендік органдар алдында тасымалдаушы жауапкершілігінің туындауы сақтандыру жағдайы болып табылады.
Сақтандыру сомасы тараптардың келісімімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының Кедендік кодексіне сәйкес төленуі тиіс кедендік төлемдер мен салықтардың сомасынан төмен болмауы тиіс.
Сақтандыру төлемі нақты шыққан және құжатты түрде негізделген шығын (кедендік төлемдердің төленбеуі) мөлшерінде кедендік органға төленеді.
Нақты шығын мөлшері сақтандырылушымен кедендік органдар тарапынан түскен шағымдардың және сот шешімінің негізінде анықталады.
Сақтандыру тарифі: 0,3% және 2% аралығында.