ЕАҚЖ
Кедендік делдал тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өзінің кедендік делдал кәсіптік қызметін жүзеге асыру салдарынан келтірілген залал шығынын өтеу міндетіне байланысты сақтанушының (сақтандырылушының) мүліктік мүддесі сақтандыру нысаны болып табылады.
Сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде:
1) тауарлар мен көлік құралдарының кедендік декларациясын ұсыну мерзімінің бұзылуы;
2) кедендік төлемдердің қате аударылуы;
3) өкілетті тұлғаның кедендік делдалмен декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдары қатысында тым артық кедендік жинақтарды төлеуі;
4) сақтанушымен декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдары қатысында (егер ол сақтанушымен және өкілетті тұлғамен көзделген болса немесе өкілетті тұлғаның шетел азаматы болуы жағдайында) кедендік төлемдердің төленбеуі (толық төленбеуі);
5) кедендік рәсімдеу бойынша қате жүргізілген операцияларға байланысты кедендік органдар тарапынан айыппұл шарасының төленуі;
6) таңдалған кедендік кестеге сәйкес олардың шығырылымына немесе өкілетті тұлғаның иелігіне берілуге дейін кедендік рәсімделуі әлі аяқталмаған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану мен оларға иелік етуге қойылған шектеулер мен жағдайлардың сақталмау жағдайларына әкеп соқтыру шартымен сақтанушының салдыр-салақ әрекеттерінің, ұқыпсыздығының, елеулі қателіктерінің нәтижесінде өзінің кәсіптік міндеттерін орындамауы немесе уақытылы орындамауы салдарынан өкілетті тұлғаға зиянның келтірілуі сақтандыру жағдайы болып табылады.
Сақтандыру сомасы – оның шегінде сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттелетін және сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шектеулі көлемін көрсететін ақша сомасы.
Сақтандыру сомасы тараптардың келісімімен белгіленеді.
Сақтандыру шартымен:
1) жауапкершіліктің бірлескен шекті көлемі белгіленуі мүмкін (бұндай жағдайда барлық сақтандыру жағдайлары бойынша бүкіл сақтандыру төлемдерінің сомасы сақтандыру шарты қолданысының толық кезеңі үшін бұл көлемнен аспауы тиіс);
2) әр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;
3) сақтандыру шартының қолданылу кезеңіндегі әр сақтандыру жағдайы бойынша немесе бір сақтандыру жағдайының нәтижесінде орын алған оқиғалар бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;
4) бір немесе барлық сақтандыру жағдайлары бойынша әрбір сақтандыру тәуекелі жауапкершілігінің шекті көлемі;
Сақтандыру төлемі сақтандыру шартымен қарастырылған франшизаны алып тастағандағы сақтанушының кедендік делдал қызметін орындамауы (уақытында орындамауы) нәтижесінде нақты шыққан және құжатты түрде негізделген шығын мөлшерінде пайда алушыға жүзеге асырылады.