Жұмыскерді сақтандыру
Жұмыскерді оның еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезіндегі жаазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру. Өнеркәсіп өндірісінің қарқынды дамуы, технологиялық үрдістердің автоматтандырылуы өндірістік жарақаттар мен кәсіби сырқаттардың көбеюінің басты себептерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30-ІІІ «Жұмыскерді оның еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезіндегі жаазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру туралы» заңы.
Жұмыскерді жазатайым жағдайлардан сақтандыру – еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жұмыскердің мүліктік мүддесін қорғау бойынша қатынастар кешені.
Жұмыскерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру мақсаты - еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жұмыскердің мүліктік мүддесін сақтандыру төлемдерін жасау арқылы қорғау.
Заңға сәйкес әр жұмыс беруші жұмысшыны жазатайым жағдайлардан сақтандыру шартын жасауға міндетті.
Сақтандыру жағдайы – ол Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған жағдайларда кәсіби сырқаттануға немесе өлімге, кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеуге дейін жеткізген, жұмысшы денсаулығының кенеттен нашарлауына және оның улануына, өндірістік жарақат алуына әкеп соққан, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың салдарынан еңбек (қызмет) міндеттерін атқаруы кезінде жұмысшымен (жұмыскерлермен) болған еңбек (қызмет) міндеттерін атқаруы кезіндегі жазатайым жағдай (жазатайым жағдай).
Сақтандыру сомасы шарт жасаған сәттегі барлық жұмыскерлердің еңбегін төлеу жылдық қорынан кем емес мөлшерде белгіленеді.
Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы тараптардың келісімі бойынша ҚР заңнамасында белгіленген сақтандыру тарифі негізінде анықталады. Сақтандыру тарифтерінің шекті көлемі кәсіби тәуекел класы мен мамандар санатына қарай экономикалық қызмет бойынша сараланған:
Сақтандыру шартымен:
- өндірістік мамандар
- әкімшілік-басқару мамандары
- көмекші мамандар