Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
320-15-84

Жеке тұлғалар үшін

Жеке тұлғалар үшін

Отбасының тыныштығы мен қаржылай қорын қамтамасыз ету – міне, өмірдің мәні!!! Қиын жолды таңдаудың қажеті жоқ – Қазкоммерц-Полис Сіздің тыныштығыңызды қамтамасыз ететін сақтандырудың түрлі бағдарламаларын ұсынады.

Сізді қоршаған түрлі тәуекелдер төмендегідей сақтандыруға жатады:



  • Мүліктің жоғалу немесе бүліну тәуекелі

  • Үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілік тәуекелі

  • Денсаулықты және емге қажет қаржыны жоғалту тәуекелі


Егер Сіз бізге келуге уақыт бөле алмасаңыз, онда:

  • агент шақыру қызметін немесе,
  • On-line полисін сатып алу қызметін пайдаланыңыз.
Қазкоммерц-Полистің сақтандыру бағдарламалары — Сіздің бақытыңыздың кепілі!


Полисті сатып алыңыз
info@kkp.kz ізденіс

© 2010 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс



 Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
320-15-84

Заңды тұлғалар үшін
Ерiктi


Полисті сатып алыңыз



Білу маңызды

ЕАҚЖ

Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру

Заңнамамен белгіленген және/немесе халықаралық шарттар мен келісімдер тәртібінде сақтанушының (сақтандырылушының) тасымалдау кезінде және төмендегі аталған (тасымал түріне байланысты) жағдайлардан туындаған шығын өтемақысын жасау міндетіне байланысты сақтанушының (сақтандырылушының) мүліктік мүддесі тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру нысаны болып табылады. Атаулы жағдайлар:
а) жүк иелеріне тиесілі жүктердің жоғалуы (жойылуы) және/немесе бүлінуі;
б) жолаушылардың өміріне, денсаулығына немесе мүлігіне залалдың келтірілуі.

1) жол-көлік оқиғасы, қирау немесе тасымал құралының соғылуы;
2) өрт;
3) тасымал құралының із-түзсіз жоғалуы;
4) сақтанушының (сақтандырылушының) және тасымал шарты бойынша контрагенттердің еркінен тыс нысаналы жерге кешігіп келуі;
5) жүктің қатты салқындауы немесе қатты ысуы;
6) үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері;
7) ұрлау, тонау, қарақшылық әрекеттер;
8) жүкті тиеп-түсіру жұмыстары кезіндегі сақтанушының (сақтандырылушының) және тасымал шарты бойынша контрагенттердің еркінен тыс (егер осы тәуекел сақтандыру шартында жекеше көрсетілген болса) оқиғалардың орын алуы жағдайында сақтанушының (сақтандырылушының) алдын ала ойластырылмаған әрекетінің (әрекетсіздігінің) салдарынан болған тасымалдау келісім шарты жүзіндегі оның өз міндеттерін орындамауы (орындауға жатпауы) нәтижесінде сақтандырылушының зиян шегушілерге келтірілген залал шығынын өтеу міндетінің туындауына байланысты тасымалдаушының (сақтанушының/сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің туындауы сақтандыру жағдайы болып табылады.

Сақтандыру сомасы — сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандырушының жауапкершілік көлемінің шегін көрсететін ақша сомасы.

Сақтандыру шартымен:
1) жауапкершіліктің бірлескен шекті көлемі, бұл жағдайда сақтандыру шартының қолданылу кезеңі барысында барлық сақтандыру жағдайлары бойынша бүкіл сақтандыру төлемдерінің сомасы осы көлемнен аспауы тиіс:
2) бір немесе бірнеше тұлғаның бірлесуі қатысында бір және/немесе бірнеше сақтандыру жағдайлары бойынша өміріне, денсаулығына келтірілген залал үшін жауапкершіліктің бірлескен шекті көлемі;
3) бір немесе бірнеше тұлғаның бірлесуі қатысында бір және/немесе бірнеше сақтандыру жағдайлары бойынша мүлікке келтірілген залал үшін жауапкершіліктің бірлескен шекті көлемі;
4) бір немесе барлық сақтандыру жағдайлары бойынша әр сақтандыру тәуекелі жауапкершілігінің шекті көлемі белгіленуі мүмкін.

«Жолаушылардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян» тәуекелі бойынша бір зиян шегушіге тиісті сақтандыру төлемінің мөлшері (АЕК-те) мынаны құрайды:

Теңіз және ауа жолдары арқылы тасымал бойынша

  • әрбір зиян шегушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген және опат салдарын туындатқан залал үшін — 2 000;
  • мүгедектіктің белгілену кезінде:
    I топқа — 1 600,
    II топқа — 1 200,
    II топқа — 800,
    мүгедектік белгіленбеген жарақат алу немесе денсаулыққа зиян келтірілу кезінде — амбулаториялық және/немесе стационарлық емге жұмсалған нақты шығын мөлшерінде, бірақ 200-ден асырмай. Бұл жағдайда стационарлық ем қабылдаған әрбір күнге берілетін сақтандыру төлемінің мөлшері 1,5 АЕК-тен кем болмауы тиіс;
  • әрбір зиян шегушінің мүлігіне келтірілген залал үшін — келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 250-ден асырмай;
  • әрбір зиян шегушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген және опат салдарын туындатқан залал үшін — 1 000;

Теміржол, ішкі су жолы және автокөлік жолдары арқылы тасымал бойынша

  • мүгедектіктің белгіленуі кезінде:
    I топқа — 800,
    II топқа — 600,
    II топқа — 400,
    мүгедектік белгіленбеген жарақат алу немесе денсаулыққа зиян келтірілу кезінде — амбулаториялық және/немесе стационарлық емге жұмсалған нақты шығын мөлшерінде, бірақ 200-ден асырмай. Бұл жағдайда стационарлық ем қабылдаған әрбір күнге берілетін сақтандыру төлемінің мөлшері 1,5 АЕК-тен кем болмауы тиіс;
  • әрбір зиян шегушінің мүлігіне келтірілген залал үшін — келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 250-ден асырмай.

Мүлікке келтірілген залалға (шығынға) тиісті сақтандыру төлемі тәуелсіз сарапшының келтірілген залалға берген бағасы негізінде жүктің бүлінуі кезінде — оны қалпына келтіру шығынының сомасы мөлшерінде немесе жүктің толық бүліну (жойылу) жағдайында — тауарлық көлік құжаттарына сәйкес жүктің өз құны мөлшерінде анықталады.

Жүктің және/немесе жолаушы заттарының тасымалдаушының кінәсынан жоғалуы, жетіспеушілігі және/немесе бүлінуі (бұзылуы) кезінде келтірілген зиян мөлшері былайша анықталады:

1) жүктің жоғалуы немесе жетіспеушілігі жағдайында — жоғалған немесе жетпей тұрған жүктің және/немесе жолаушы заттарының құны мөлшерінде;
2) жүктің бүліну (бұзылу) жағдайында — оның құнының төмендеген сомасы мөлшерінде, ал жүкті және жолаушы затын қалпына келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда — оның өз құны мөлшерінде;
3) жүктің жоғалу жағдайында — жүктің айтулы құны мөлшерінде.

info@kkp.kz ізденіс

© 2010 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс