Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
320-15-84

Жеке тұлғалар үшін

білу маңызды

сақтандыру жағдайы орын алған кездегі әрекет

Автомобильді

Автокөлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру

Сақтандырудың бұл түрі бойынша автокөлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға жатпайтын көлік құралының сақтандырылуы мүмкін. Көлік құралын сақтандыру көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша жауапкершілік лимитінен жоғары жүзеге асырылады.

Сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнама тәртібінде сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңі аралығында сақтандыру жағдайы туындаған кезде автокөлік құралымен үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген шығынды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру нысаны болып табылады.

Автокөлік құралымен жол-көлік оқиғасының (ЖКО) нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген залал сақтандыру жағдайы деп есептеледі.

Сақтандыру:

  • жолаушыларды есептемегенде, үшінші тұлғалардың қатысында;
  • жолаушылардың қатысында жекеше немесе бірлескен түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Сақтандыру сомасы тараптардың өзара келісімімен былайша белгіленеді:

  • бір автокөлік құралы бойынша бірлескен жауапкершіліктің шекті көлемі – бұл жағдайда сақтандыру шартының толық қолданылу кезеңіндегі барлық сақтандыру жағдайлары бойынша бүкіл сақтандыру төлемдерінің сомасы ;
  • әр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;
  • сақтандыру шартының қолданылу кезеңіндегі бір немесе бірнеше сақтандыру жағдайлары бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;
  • әрбір немесе барлық сақтандыру жағдайлары бойынша әрбір сақтандыру тәуекелі жауапкершілігінің шекті көлемі.

Сақтандыру сыйлықақысы көлік құралының түрі мен сақтандыру сомасының мөлшеріне байланысты белгіленеді.
Зиян шегушінің бүлінген автокөлік құралына келтірілген шығын мөлшері сақтандыру шартына келісім жасалған сәтте

Сіз таңдаған жағдайға байланысты анықталады:

А жағдайы — көлік тозығын ескере отырып, тәуелсіз сарапшының қорытындысы негізінде;
Б жағдайы — техникалық қызмет көрсету стансасында (ТҚС) бүлінген автокөлік құралына жүргізілген жөндеудің нақты есебі негізінде.

Зиян шегушінің басқа мүлігіне (көлік құралына жатпайтын) келтірілген шығын мөлшері амортизациялық тозықты ескере отырып жасаған тәуелсіз сарапшының қорытындысы негізінде анықталады.

Зиян шегушінің мүлігі бойынша сақтандыру төлемі заңнамаға сәйкес сақтанушымен келісім жасауға міндетті көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты (полисі) бойынша зиян шегушіге төленген немесе төленуге тиісті соманы алып тастағандағы тікелей материалдық шығын мөлшерінде жасалады.
Зиян шегушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген залал үшін берілетін сақтандыру сомасының төлемі әлеуметтік қамтамасыздық және міндетті жеке және ерікті жеке сақтандыру келісім шарттары бойынша оған тиісті сомаға қатыссыз жүргізіледі.



Полисті сатып алыңыз
info@kkp.kz ізденіс

© 2010 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс



 Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
320-15-84

Заңды тұлғалар үшін
Ерiктi


Полисті сатып алыңыз

Заңды тұлғалар үшін (ерікті сақтандыру)

Қазкоммерц-Полис Сіздің бизнесіңіздің сәтті жүргізілуін қамтамасыз етеді және сақтандыру саласында кешенді түрдегі шешімдерді ұсынады. Біз өмірде кездесетін тәуекел түрін толықтай жоққа шығармаймыз, бірақ соның салдарының материалдық жағын өз мойнымызға алуға дайынбыз.

Қазкоммерц-Полистің негізгі мақсаты — әрбір басшыға тәуекел-менеджментінің кешенді жүйесін құруға көмектесу. Сондықтан да біз бизнестің әрбір саласына арнап өзіндік сақтандыру аспаптарының жиынтығын жасап шығардық.

Біз заман талабына сай қадам басудамыз және Сіздің жеке бизнесіңізге арнайы жаңа сақтандыру бағдарламаларын жасап шығаруға дайынбыз. Тәжірибелі мамандар кез келген уақытта тәуекел бағасын береді және сақтандыру өнімін ұсынады.

Қазкоммерц-Полистің сақтандыру бағдарламалары — Сіздің бизнесіңіздің жетістік кепілі!
info@kkp.kz ізденіс

© 2010 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс