Әуе жолы көлігі иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
Азаматтық заңнамамен белгіленген тәртіпте сақтанушының (сақтандырылушының) әуе көлігін тасымалдауы кезінде зиян шеккен тұлғалардың өмірі мен денсаулығына немесе мүлігіне келтірілген зиян шығынын өтеу міндетіне байланысты сақтанушының мүліктік мүддесі сақтандыру нысаны болып табылады.
Сақтандыру:
- жолаушыларды санамағанда, үшінші тұлғалардың;
- жолаушылардың;
- жүк иелерінің қатысында жүзеге асырылады.
Сақтандыру барлық тұлғалардың қатысында, сондай-ақ кез келген үйлесімділікте жзеге асырылуы мүмкін.
Сақтандырушының алдын ала жазбаша берген келісімі немесе соттың бекіткен шешімі арқылы әуе жолы көлігін тасымалдау нәтижесінде зиян шеккен (пайда алушы) тұлғаларға залал келтіру салдарынан туындайтын міндеті бойынша өзімен ерікті түрде мойындалған сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің туындау фактісі сақтандыру жағдайы деп танылады.
Сақтандыру шартымен:
1) жауапкершіліктің бірлескен түрдегі шекті көлемі белгіленуі мүмкін, бұндай жағдайда барлық сақтандыру жағдайлары бойынша бүкіл сақтандыру төлемдерінің сомасы сақтандыру шарты қолданысының толық кезеңі үшін бұл көлемнен аспауы тиіс;
2) әр сақтандыру жағдайы бойынша немесе бір сақтандыру жағдайының нәтижесінде орын алған оқиғалар бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;
3) зиян шегушілердің әр тобы бойынша жауапкершіліктің бірлескен түрдегі шекті көлемінің белгіленуі мүмкін.
Сақтандыру тарифі әуе жолы көлігінің түріне байланысты белгіленеді және ол 0,03%-дан 2,5 %-ға дейінгі мөлшерде өзгеріп отырады.
Франшиза
Сақтандыру шартымен шартсыз франшизаның белгіленуі мүмкін.