Мүлікті сақтандыру
Өрт, инженерлік жүйе апаты және табиғи апаттар — осы жағдайлардың туындауы кәсіпорынды аса зор, кейде тіпті орны толмайтын шығындарға әкеп соқтырады. Кез келген өрт және күзет қауіпсіздігі шаралары, сөзсіз, осындай жағдайлардың туындау мүмкіндігін төмендетеді, дегенмен кәсіпорын сақтандыру көмегімен ғана жайсыз жағдайлардың салдарын – шығындардың туындауын толықтай жоя алады.
Сақтанушының жеке иелігіндегі, шаруашылық істегі, шұғыл басқармадағы, жалға немесе кепілге, лизингке берілген мүлік сақтандыруға жатады. Оларға жататындар:
- мекеме, ғимараттар,
- өндірістік және кеңселік құрал-жабдықтар;
- жиhаз және техника;
- қоймадағы және сауда залындағы тауарлар;
- құрылыс материалдары;
- тұрғын үйлер, пәтерлер, үй мүлігі.
Сіз өз мүлігіңізді сақтандыру шартына келісім жасалған күнгі оның нақты құны сомасына сақтандыра аласыз.
Сақтандыру сенімді жеке иелік қорғанысын қамтамасыз етеді, күтпеген оқиғалардың:
- өрт, найзағайдың түсуі, жарылыс;
- ұшпалы-кеспелі құралдардың немесе олардың сынықтары мен солардан шыққан заттардың құлауы;
- табиғи апаттар: жер сілкінісі, боран, дауыл, құйын, тасқын, сел, көшкін;
- суық және ыстық сумен жабдықтау жүйесінің, канализацияның бұзылуы;
- есікті, құлыпты бұзып ұрлау, тонау, қарақшылық;
- басқа да жағдайлар
салдарынан залал келтірілген жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жүргізілетін жөндеу және қалпына келтіру ісінде қосымша шығындардан қорғайды.
Бұл жағдайлар жұмыс барысының тоқтауына, соның салдарынан айтарлықтай қаржылай шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін. Осыған байланысты «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ өндірістегі үзіліске (тоқтап қалуға) байланысты шығындардан қосымша сақтандыруды ұсынады.
Сақтандыру шарты компанияның атқаратын қызмет түріне байланысты.
Мүлікті сақтандыру бойынша жылдық сақтандыру тарифінің мөлшері — сақтандыру сомасының 0,2%-нан 2%-на дейін.
Сақтандыру төлемінің мөлшері келтірілген шығын мөлшерінде белгіленеді.