Жүктерді сақтандыру
Жүкке ие болу, оны пайдалану және басқаруға байланысты, және жүкті тасымалдау кезінде оның бүлінуі немесе жойылуы (жоғалуы) салдарынан туындайтын сақтанушының мүліктік мүддесі сақтандыру объектісі болып табылады.
Сақтандыру шартына төмендегі жағдайлардың бірі негізінде келісім жасалуы мүмкін:
А жағдайы. Барлық тәуекел түріне жауаптылықпен.
Осы жағдай негізінде келісім жасалған сақтандыру шарты бойынша:
а) кез келген себеппен келтірілген сақтандырылған жүктің толықтай немесе белгілі бір бөлігінің бүлінуінен немесе жойылуынан болған шығын;
ә) сақтанушымен жүкті сақтау немесе шығын мөлшерін азайту және егер келтірілген шығын сақтандыру шарты бойынша өтелуге жататын болса, шығын мөлшерін анықтау мақсатында келтірілген барлық қажетті және мақсатты түрде болған шығындар өтеледі.
B жағдайы. Деректі тәуекелдер үшін жауаптылықпен.
Осы жағдай негізінде келісім жасалған сақтандыру шарты бойынша:
а) боран, құйын, дауыл немесе басқа да табиғи апаттың, тасымал құралдарының өзара соқтығысуы немесе қирауы, олардың қозғалатын немесе қозғалмайтын заттарға соғылуы, құламаға түсіп кетуі, теміржолдан шығып кетуі, теңіз көлігінің қайырға тұрып қалуы, өртке ұшырауы, жарылуы, түтінге тұншығуы, мұзға соғылуы, ішіне судың толуы, сонымен қатар өрт сөндіру шараларының салдарынан жүктің толықтай немесе белгілі бір бөлігінің бүлінуінен болған шығын;
ә) тасымал құралының ішіндегі жүгімен қоса ізім-қайым жоғалуы салдарынан болған шығын;
б) жүкті тиеу, түсіру, орналастыру және тасымал құралын отынмен қамтамасыз ету нәтижесінде және жазатайым жағдай салдарынан жүктің толықтай немесе белгілі бір бөлігінің бүлінуінен немесе жойылуынан болған шығын;
в) сақтанушымен жүкті сақтау немесе шығын мөлшерін азайту және егер келтірілген шығын сақтандыру шарты бойынша өтелуге жататын болса, шығын мөлшерін анықтау мақсатында келтірілген барлық қажетті және мақсатты түрде болған шығындар өтеледі.
С жағдайы. Жүктің толықтай жойылу жағдайына ғана жауаптылықпен.
Осы жағдай негізінде келісім жасалған сақтандыру шарты бойынша:
а) боран, құйын, дауыл немесе басқа да табиғи апаттың, тасымал құралдарының өзара соқтығысуы немесе қирауы, олардың қозғалатын немесе қозғалмайтын заттарға соғылуы, құламаға түсіп кетуі, теміржолдан шығып кетуі, теңіз көлігінің қайырға тұрып қалуы, өртке ұшырауы, жарылуы, түтінге тұншығуы, мұзға соғылуы, ішіне судың толуы, сонымен қатар өрт сөндіру шараларының салдарынан жүктің толықтай бүлінуінен болған шығын;
ә) тасымал құралының ішіндегі жүгімен қоса ізім-қайым жоғалуы салдарынан болған шығын;
б) сақтанушымен жүкті сақтау немесе шығын мөлшерін азайту және егер келтірілген шығын сақтандыру шарты бойынша өтелуге жататын болса, шығын мөлшерін анықтау мақсатында келтірілген барлық қажетті және мақсатты түрде болған шығындар өтеледі.
Сақтандыру сомасының мөлшері жүкті иеленген елдегі оның нақты құнын, сонымен қатар жүкті тасымалдау, сақтау және айғақтайтын құжаттарға сәйкес кедендік салықтарды төлеу кезіндегі шығындарды ескере отырып, тараптардың келісімімен белгіленеді.
Сақтандыру қорғанысы жүкті бастапқы бөлімшеден жіберу сәтінен бастап:
- жүктің белгіленген (жүктің тасымал құралынан соңғы түсірілген жері) бөлімшеге (орынға) жеткізілуі, немесе
- аралық сақтау кезеңінің сақтандыру шартында көзделген мерзімнен асып кетуі, немесе
- сақтандыру шартында көрсетілген жүкті белгіленген бөлімшеге (орныға) жеткізу мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылады.
Нақты бір тасымалға және оны іске асыру барысында жүкті сақтауға, сондай-ақ сақтандыру шартында көзделген бір текті жүкті белгілі бір мерзім аралығында тұрақты түрде тасымалдауға және сақтауға сақтандыру шартына келісім жасалуы мүмкін.
Қиындықтарыңыз бен өз мәселелеріңізді бізге сеніп тапсырыңыздар, қандай жағдай болса да, біз әрқашан Сіздерге қамқорлық жасауға әзірміз.