Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
Жеке тұлғалар үшін

Жеке тұлғалар үшін

Отбасының тыныштығы мен қаржылай қорын қамтамасыз ету – міне, өмірдің мәні!!! Қиын жолды таңдаудың қажеті жоқ – Қазкоммерц-Полис Сіздің тыныштығыңызды қамтамасыз ететін сақтандырудың түрлі бағдарламаларын ұсынады.

Сізді қоршаған түрлі тәуекелдер төмендегідей сақтандыруға жатады:



  • Мүліктің жоғалу немесе бүліну тәуекелі

  • Үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілік тәуекелі

  • Денсаулықты және емге қажет қаржыны жоғалту тәуекелі


Егер Сіз бізге келуге уақыт бөле алмасаңыз, онда:

  • агент шақыру қызметін немесе,
  • On-line полисін сатып алу қызметін пайдаланыңыз.
Қазкоммерц-Полистің сақтандыру бағдарламалары — Сіздің бақытыңыздың кепілі!


Полисті сатып алыңыз


Бонус-малус



info@kkp.kz ізденіс

© 2012 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс



 Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
Заңды тұлғалар үшін
Ерiктi


Полисті сатып алыңыз


Бонус-малус






Білу маңызды

Мұнай операцияларын сақтандыру



Өз ішінде:

  • мүлікті сақтандыруды;
  • скважинаға бақылаудың жасалмауына байланысты күтпеген шығындарды сақтандыруды;
  • үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығы мен мүлігіне және қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды қамтиды.

Мұнай операцияларын жүргізу барысында:

1) мүліктің бүлінуіне және жойылуына байланысты;
2) скважинаға бақылау жасалмауына байланысты күтпеген шығындардың туындау тәуекеліне байланысты;
3) үшінші тұлғалардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянға байланысты туындаған сақтанушының мүліктік мүддесі сақтандыру нысаны болып табылады.

Сақтандыру жағдайына:

1. Жер бетінде және теңізде пайдаланылатын сақтандырылған мүліктің төмендегі жағдайлардың салдарынан бүлінуі немесе жоғалуы (жойылуы):

  • өрт, жарылыс, дауыл, боран, тасқын, нөсер, бұршақ, найзағайдың түсуі, судың басуы;
  • мұнайдың, газдың күтпеген жерден залалды заттарының шығарылуы;
  • скважинаның бақылаусыз қалуы.

2.Жердің астында пайдаланылатын бұрғылау және басқа да құралдардың төмендегі жағдайлардың салдарынан бүлінуі немесе жоғалуы (жойылуы):

  • өрт және жарылыс;
  • мұнайдың немесе газдың күтпеген жерден залалды заттарының шығарылуы;
  • кратердің, грифонның, шұңқырдың күтпеген жерден пайда болуы.

3. Төмендегі жағдайлардың салдарынан скважиналардың бақылаусыз қалуы және шығындардың туындауы:

  • скважинаға бақылау жасауды қалпына келтіру және соған әрекет жасау бойынша;
  • құрғақ жердің бетіндегі немесе теңіз түбіндегі саңылаудағы, басқа да саңылаулардағы өртті сөндіру және соған әрекет жасау бойынша;
  • сақтандырылған скважинаның жанып кетуіне немесе бақылаудан шығып кетуіне қауіп төндіретін басқа да өртті сөндіру бойынша;
  • сақтандырылған скважиналардың немесе оның кез келген учаскесін қайта қалпына келтіру немесе қайталап бұрғылау бойынша.

4. Үшінші тұлғалардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің туындауы жатады.

Сақтандыру сомасы:

1) мүлік құнының көлемінде;
2) скважинаны қалпына келтіруге кеткен шығын мөлшерінде;
3) шығын өтемақысының мөлшерінде, тараптардың келісімімен белгіленеді.

Сақтандыру тарифі — сақтандыру сомасының 0,2%-нан 1,5%-на дейінгі мөлшерде.

info@kkp.kz ізденіс

© 2012 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс