Құрылыс-монтаж жұмыстарын сақтандыру
Құрылыс мекемелерінің қызметі өз ішінде құрылыс және нысандарды монтаждау, оларды пайдалануға жіберу жұмыстарының тұтас кешенін қамтиды. Осындай істердің нәтижелі аяқталуы мамандар мен жұмысшылардың іс-әрекеттеріне, пайдаланылатын материалдар мен құралдарға, технологиялық процесстің нәтижелі үйлесімділігіне ғана емес, сонымен қатар сыртқы жағдайлардың тиімді әсеріне де байланысты болып келеді.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын сақтандыру арқылы шығын мөлшерін азайту және шығыс өтемақысын жүргізу мүмкіндігі туады.
Құрылыс-монтаж тәуекелін (ҚМТ) сақтандыру шартына құрылыс-монтаж жұмыстарын: тапсырыс берушілермен, жобалау мекемелерімен қатынасты жүзеге асыруға байланысты тәуекелдің туындауы мүмкін кез келген жеке немесе заңды тұлға келісім жасай алады.
Сақтандыруға:
- құрылыс, қайта жөндеу, техникалық тұрғыдан қайта жабдықталу, түрлі мақсаттағы күрделі жөндеу нысандары;
- құрылыс машиналары, механизмдері мен құрал-жабдықтары;
- құрылыс алаңдарында орналасқан нысандар (уақытша мекемелер және құрылыс ғимараттары, қойма орындары және т.б.);
- құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру нәтижесінде үшінші тұлғаларға келтірілген зиян үшін азаматтық жауапкершілік жатады.
Сақтандыру жағдайы туындағаннан кейін аймақты тазалау бойынша шығындардың қосымша сақтандырылуы мүмкін. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу барысының толықтай кезеңіне немесе кез келген басқа мерзімге сақтандыру шартына келісім жасауға болады.
Сақтандыру сомасы:
1) машиналар мен құрал-жабдықтардың баланстық құнына, жоғары мөлшерде болуы мүмкін шығынды ескере отырып, бастапқы және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу шығынына;
2) нысанды тұрғызуға қажетті құрылыс материалдарының құнына;
3) үшінші тұлғалардың алдындағы жауапкершілік лимитінің мөлшеріне байланысты және тараптардың келісімімен белгіленеді.
Сақтандыру жағдайларына:
1) мүліктің бүлінуі немесе жойылуы (құрылыс материалдары, құрылыс техникасы);
2) салынып жатқан нысанның бүлінуі немесе жойылуы;
3) үшінші тұлғаларға келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің туындауы жатады.