Автокөлік құралын сақтандыру
Жылжымайтын мүлік қатарындағы көлік — қауіпсіздігі кез келген бизнестің дамуына тікелей әсер ететін ең құнды мүлік шығар, бәлкім. Жыл өткен сайын ЖКО мен автокөлікті ұрлау саны өсуде. Соның салдары кәсіпорын бюджетіне ауыр жүк болып артылуда. Осы мәселелердің алдын алудың сенімді тәсілі — кәсіпорын автопаркін сақтандыру.
Заңды тұлғалардың жеке иелігіндегі, шаруашылық жүргізу, шұғыл басқару, жалға беру, немесе кепілдікке, лизингке беру құқығындағы отандық және шетелдік өндірістен шыққан кез келген автокөлік құралы сақтандыруға жатады. 15 жылға дейін пайдаланылған автокөлік құралы сақтандырылуға алынады. 15 жылға дейін пайдаланылған автокөлік құралын сақтандыру шешімі жеке қабылданады.
Сақтандыру:
- жол-көлік оқиғалары;
- табиғи апат;
- үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері;
- басқа да күтпеген оқиғалар тәуекелдері бойынша жүзеге асырылады.
Сақтандыру шартына келісім барлық тәуекелдер қатысында және кез келген үйлесімділікте жасалады.
Автокөлік құралын сақтандыру «А» немесе «Б» шарты бойынша жүзеге асырылады:
А нұсқасы — бүлінген көлік құралына келтірілген залал құны автокөлік құралының залал келтірілгенге дейінгі тозығы ескеріліп, тәуелсіз сарапшымен бағаланады;
Б нұсқасы — келтірілген залал құны автокөлік құралының тозығы ескерілмей анықталады, жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстары техникалық қызмет көрсету стансаларының мамандарымен жүзеге асырылады.
Сақтандыру сомасы құжаттар негізінде (сату-сатып алу, жалға беру және т.б. келісім шарты, чектер мен квитанциялар) немесе тараптардың өзара келісімімен анықталатын автокөліктің сақтандыру шартына келісім жасаған күнгі нақты (нарықтық) құны мөлшерінде белгіленеді.
Тарифтер тәуекел түрлерінің толық жиынтығы бойынша көлік құралы мен тәуекелдің түріне, сақтандыру аумағы мен көлік құралының бірлік санына байланысты 1%-дан 10%-ға дейінгі мөлшер шегінде өзгеріп отырады.
Автокөлік паркін сақтандыру кезінде 5%-дан 20%-ға дейін жеңілдіктер ұсынылады.
Сақтандыру сыйлықақысының төлемі ақшалай немесе аударма жасау арқылы толықтай бір рет немесе бөліп төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.