Су жолы көлігін сақтандыру
«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ:
- жеке иелік құқығындағы;
- шұғыл басқару құқығындағы;
- жалға алу, ақысын төлеп пайдалану шарты бойынша;
- басқа да заңды негіздерде
сақтанушымен пайдаланылатын су жолы көлігін (теңіз жолы, өзен жолы) сақтандыруға қабылдайды.
Су жолы көлігін жабдықтауға арналған құралдарды, такелаж бен оснастканы, ішкі өңделуін қоса алғанда, сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін су жолы көлігін иеленуге, пайдалануға және/немесе басқаруға байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру нысаны болып табылады.
Сақтандыру жағдайы — төмендегі оқиғалардың нәтижесінде су жолы көлігінің жойылуы немесе бүлінуі:
- өрт, жарылыс;
- сел, құйын, боран, теңіз дауылы, найзағайдың түсуі;
- көліктің құрғақ жерге тірелуі, қайырға тұрып қалуы;
- көліктің суға батуы, аударылып қалуы;
- басқа су көлігімен немесе жылжымайтын не мұзды қоса алғанда, жүзетін нысанға күтпеген жерден соқтығысуы;
- көліктің айлақтық, доктық құралына не жабдығына соқтығысуы;
- ұрлық, тонау, қарақшылық;
- үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері;
- су жолы көлігінің ізім-қайым жоғалуы;
- су жолы көлігінің бортына жүкті тиеу, жүкті түсіру кезінде немесе оан жүктің құлауы жағдайында көліктің аяқ астынан зақымдануы;
- жер сілкінісі, жанартаудың атылуы;
- топырақтың, жердің опырылып құлауы, су көшкіні, құмның шөгуі;
- ұшатын құралдардың немесе оның сынықтарының, бөліктерінің құлауы, ұшуы;
- үлкен шығынның алдын алу мақсатындағы қауіптілік кезеңінде су жолы көлігінің жабдығына жататын қандай да бір мүліктің борттың артына мақсатты түрде лақтырылуы.
Сақтандыру шартына төмендегі нұсқалардың біріне қатысты келісім жасалуы мүмкін:
1. Су жолы көлігінің жойылуы немесе зақымдануы;
2. Су жолы көлігінің зақымдануы;
3. Су жолы көлігінің тұтастай жойылуы.
Сақтандыру сомасы құжаттар негізінде айғақталатын немесе тараптардың өзара келісімімен анықталатын сақтандыру шартына келісім жасалған күнгі су жолы көлігінің нақты (нарықтық) құны мөлшерінде белгіленеді.
Жылдық сақтандыру тарифі – сақтандыру сомасының 0,5% мен 6% аралығында. Жоғарылатылған және төмендетілген коэффициент қолданылады.
Сақтандыру сыйлықақысының төлемі ақшалай немесе аудару арқылы, бір рет немесе бөліп төлеу арқылы жүргізілуі мүмкін.
Нақты шығын мөлшері:
1) су жолы көлігінің зақымдану жағдайында – қайта қалпына келтіру құны мөлшерінде (қосымша бөліктердің, бөлшектердің және жабдықтардың құнына қайта қалпына келтіру жұмыстарының құны қосылады, содан кейін одан болашақта пайдалануға жарайтын қалдық құны кемітіледі). Сонымен қатар зақымданған су жолы көлігін жөндеу орнына жеткізу шығындары да есепке алынады;
2) су жолы көлігінің жойылған, істен шығуы жағдайында – болашақта пайдалануға жарайтын немесе пайдаға асыруға болатын қалдық жабдықтары мен бөлшектерінің құнын алып тастағандағы алдыңғы төлемдерді есепке ала отырып, сақтандыру сомасы мөлшерінде;
3) су жолы көлігінің ізім-қайым жоғалуы жағдайында – алдыңғы төлемдерді есепке ала отырып, сақтандыру сомасы мөлшерінде анықталады.