Автомобильді
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Сақтандыру Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 01 шілдесіндегі «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі» №446- II Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру мақсаты – көлік құралдарын пайдалану нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы олардың мүліктік мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген оның жоғары қауіптілік көзі ретіндегі көлік құралдарын пайдалану нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген үшінші тұлғаларға келтірілген зиян шығынын өтеу міндетіне байланысты сақтандырылушының мүліктік мүддесі сақтандыру нысаны болып табылады.
Сақтандырылушының көлік құралын пайдалануы нәтижесінде зиян шегуші деп танылған тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне келтірілген зиянның шығынын өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің туындау фактісі сақтандыру жағдайы болып табылады.
Сақтандыру аумағы – Қазақстан Республикасы.
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері міндетті сақтандыру Заңымен анықталады және ол көлік құралы қозғалтқышының көлеміне, көлік құралының тіркелу орнына, жылдың басындағы айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты анықталады.
Екі не одан да көп бірліктегі көлік құралының иесі болып табылатын жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (кешенді сақтандыру) кезінде сақтандыру сыйлықақысы жоғары көлемді қозғалтқышқа ие автокөлігінен өндіріледі, және барлық автокөліктер бір полиске жазылады. I және II топтағы мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және солармен тең дәрежеде саналатын тұлғаларға 50%-дық мөлшерде жеңілдіктер беріледі.
Сақтандыру төлемі сақтандырылушының кінәсін айғақтауға және шығын мөлшерін анықтауға қажетті барлық құжаттар өткізіленнен кейін жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Төлем мөлшері АЕК-пен анықталады.
Бір сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды.
Бір сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) (айлық есептік көрсеткіште):
- әр зиян шегушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және соның салдарынан:
- опат болған жағдайда – 1000;
- мүгедектік белгіленгенде:
I топқа – 800,
II топқа – 600,
III топқа – 500;
«мүгедек-бала» категориясына – 500-ді құрайды; - мертігу, жарақат алу және денсаулыққа келтірілген басқа да зиян үшін мүгедектік белгіленбеген жағдайда – амбулаториялық және (немесе) стационарлық ем қабылдау үшін нақты шығын мөлшерінде, бірақ 300-ден аспайды. Оның үстіне стационарлық ем қабылдаған әр күнге тиісті сақтандыру төлемінің мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы қажет.
- бір зиян шегушінің мүлігіне келтірілген зиян үшін – келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден асырмай;
- бір уақытта екі не одан да көп зиян шегушінің мүлігіне келтірілген зиян үшін – келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әр зиян шегушіге 600-ден асырмай. Сонымен барлық зиян шегушілерге тиісті сақтандыру төлемінің жалпы мөлшері 2000-нан аспауы қажет. Келтірілген зиян мөлшерінің сақтандырушының жауапкершілік көлемінен асқан жағдайында сақтандыру төлемі әр зиян шегушіге оның мүлігіне келтірілген зиянмен тең дәрежеде жүргізіледі.
Зиян шегушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян мөлшері тиісті медицина ұйымдарымен берілген құжаттар негізінде анықталады.
Мүлікке келтірілген зиян мөлшері мүліктің сақтандыру жағдайы туындағанға дейінгі қолданыс кезіндегі тозығын есептемегендегі бүлінген мүлікті қалпына келтіру құнына сәйкес анықталады.
Бүлінген мүлікті қалпына келтіру құны сақтандыру жағдайы туындаған күнгі нарық бағасына сәйкес есептеледі.