Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
Жеке тұлғалар үшін

Автомобильді


Көлік құралдары иелерінің АҚЖМС

 Сақтандыру Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 01 шілдедегі №446-ІІ «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру мақсаты – көлік құралдарын пайдалану салдарынан өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген үшінші тұлғалардың мүліктік мүддесін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қорғау.

 

Сақтандыру объектісі - көлік құралдарын жоғары қауіп көздері ретінде пайдалану салдарынан үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыру туралы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген міндетімен байланысты сақтандырылған тұлғаның мүліктік мүддесі.

 

Сақтандыру жағдайы деп көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілген көлік құралдарын сақтандырылған тұлғаның пайдалануы нәтижесінде зардап шегуші деп танылған тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі айтылады.

 

Сақтандыру аймағы – Қазақстан республикасы.

 

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері Міндетті сақтандыру туралы заңымен белгіленеді және көлік құралының тіркелген жеріне, көлік құралының түріне, жасына және сақтанушының (сақтандырылушының) жүргізу өтіліне, көлік құралын пайдалану мерзіміне, сондай-ақ азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған тұлғалардың кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының болу не болмауына («бонус-малус» жүйесі) байланысты.

 

Екі не одан да көп бірліктегі көлік құралдарының иесі болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру кезінде (кешенді сақтандыру), сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдары үшін белгіленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерлерінің неғұрлым көбімен теңдес етіп белгіленеді. 

 

50% көлеміндегі жеңілдіктер ҰОС ардагерлеріне және соларға теңестірілген І және ІІ топтағы мүгедектерге, зейнеткерлерге беріледі.

 

Егер көлік құралын, сондай-ақ, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген басқа иегерлер де пайдаланатын болса, онда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру мұндай жеңілдіктерді берместен жүзеге асырылады. 

 

Сақтандыру төлемін сақтандырушы сақтандырылушының кінәсі расталған соң және барлық қажетті құжаттарды тапсырып, шығын мөлшері анықталғаннан кейінгі он бес жұмыс күні ішінде жасайды.     

 

Бір сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) төмендегідей (айлық есептік көрсеткішпен):

 

  • әр зардап шегушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян және соның салдарынан төмендегідей қайғыға әкеліп соққаны үшін:
    • опат болу 1000;
    • мүгедектік тағайындалуы
      I топ – 800,
      II топ – 600,
      III топ – 500;
      ««сәби мүгедек» санаты 500;
    • мүгедектік тағайындауынсыз жарақат, жара алғанда және денсаулығына зиян келтіоілгенде – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге кеткен нақты шығындар көлемінде, бірақ 300 АЕК-тен аспайтын көлемде. Мүның өзінде сақтандыру төлемінің әр стационарлық емделу күніне шаққандағы көлемі 10 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек;
  • бір зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – келтірілген зиян көлемінде, бірақ 600 АЕК-тен аспауы керек;
  • бір мезгілде екі немесе одан да көп зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – келтірілген зиян көлемінде, бірақ әр зардап шегушіге 600 АЕК-тен аспайтын мөлшерде. Мұндай кезде барлық зардап шегушіге төленетін сақтандыру төлемінің жалпы көлемі 2000 АЕК-тен аспауы керек. Келтірілген шығынның мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асып кеткен жағдайда, сақтандыру төлемі әр зардап шегушіге оның тартқан мүліктік зиянына көлемдес мөлшерде төленеді.

 

Зардап шегушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зин көлемі тиісті ұйымдар берген құжаттар негізінде анықталады.

 

Мүлікке зиян келтіру кезіндегі шығын көлемі сақтандыру жағдайы басталған кезге дейінгі мүліктік жарнасын (пайдалану) қоспағанда бұзылған мүлікті қалпына келтіру құнымен анықталады.

 

Бұзылған мүлікті қалпына келтіру құны сақтандыру жағдайы басталған күнгі қолданыстағы нарықтық бағамен есептеледі.



Полисті сатып алыңыз


Бонус-малус






Білу маңызды
info@kkp.kz ізденіс

© 2012 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс



 Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
Заңды тұлғалар үшін
Ерiктi


Полисті сатып алыңыз


Бонус-малус



Заңды тұлғалар үшін (ерікті сақтандыру)



Қазкоммерц-Полис Сіздің бизнесіңіздің сәтті жүргізілуін қамтамасыз етеді және сақтандыру саласында кешенді түрдегі шешімдерді ұсынады. Біз өмірде кездесетін тәуекел түрін толықтай жоққа шығармаймыз, бірақ соның салдарының материалдық жағын өз мойнымызға алуға дайынбыз.

Қазкоммерц-Полистің негізгі мақсаты — әрбір басшыға тәуекел-менеджментінің кешенді жүйесін құруға көмектесу. Сондықтан да біз бизнестің әрбір саласына арнап өзіндік сақтандыру аспаптарының жиынтығын жасап шығардық.

Біз заман талабына сай қадам басудамыз және Сіздің жеке бизнесіңізге арнайы жаңа сақтандыру бағдарламаларын жасап шығаруға дайынбыз. Тәжірибелі мамандар кез келген уақытта тәуекел бағасын береді және сақтандыру өнімін ұсынады.

Қазкоммерц-Полистің сақтандыру бағдарламалары — Сіздің бизнесіңіздің жетістік кепілі!
info@kkp.kz ізденіс

© 2012 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс