Жеке нотариустардың АҚЖМС
Сақтандыру Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы №435-ІІ «Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының негізінде жүзеге асырылады.
Жеке нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты жеке нотариустардың нотариалдық әрекеттер жасауы нәтижесінде зиян шектірген үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыру төлемін жүзеге асыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету.
Сақтандыру объектісі - жеке нотариустардың нотариалдық әрекеттер жасауы нәтижесінде үшінші тұлғаларға келтірген зиянының орнын толтыру міндетімен байланысты мүліктік мүддесі.
Сақтандыру жағдайы деп жеке нотариустардың нотариалдық әрекеттер жасауы нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүліктік мүддесіне келтірген зиянының орнын толтыру бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісін айтады.
Сақтандыру мерзімі – 12 ай.
Республикалық маңызы бар қала – астана аумағында қызметін жүзеге асырушы нотариустар үшін сақтандыру сомасы – 1000 АЕК-тен кем емес, басқа нотариустар үшін – 500 АЕК-тен кем емес.
Жылдық сақтандыру тарифі – сақтандыру сомасының 4,5% аспайтын көлемде.
Сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырушы рухани залал, жіберіліп алынған пайда, тұрақсыздық төлемінің орнын толтыруды қоспағанда, үшінші тұлға талап етіп отырған соманың немесе соттың келтірілген шығынның орнын толтыру туралы заңды күшіне енген шешімінің негізінде анықтайды.
Шартты франшиза тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ мұның өзінде сақтандыру сомасының 5%-нан аспауы керек.