Туроператоры мен турагентінің АҚЖМС
Сақтандыру Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №513-ІІ «Туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының негізінде жүзеге асырылады.
Туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты саяхаттық қызмет көрсету бойынша туроператор мен турагент қызметінің жүзеге асырылуы кезіндегі саяхатшылардың мүліктік және (немесе) басқа мүдделерін сақтандыру төлемін жүзеге асыру арқылы қорғау.
Сақтандыру объектісі - туроператор мен турагенттің Қазақстан республикасының азаматтық заңнамасымен бекітілген, туристік өнімді іске асыру бойынша қызметті жүзеге асыру кезіндегі туристің мүліктік және (немесе) басқа да мүдделеріне келтірілген шығынның орнын толтыру міндетімен байланысты мүліктік мүддесі.
Сақтандыру жағдайы деп туроператор мен турагенттің туристік қызметтер ұсыну кезіндегі туристің мүліктік және (немесе) басқа да мүдделеріне келтірілген зиянның орнын толтыруы бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі айтылады. Сақтандыру жағдайы туроператор мен турагенттің келтірген шығынының орнын толтыруы туралы сот шешімінің заңды күшіне енген сәтінен, не олардың саяхатшының шығындардың орнын толтырып беру туралы талабын орынды деп мойындауынан және сақтандырушының туроператор мен турагенттің өздеріне қойылған талаптарды мойындауымен келіскен кезінен басталды деп саналады.
Сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері:
|
|
Сақтандыру сомасының мөлшері
|
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
|
|
Туроператор
|
4 000 АЕК-тен кем емес және 10 000 АЕК-тен көп емес
|
сақтандыру сомасының 1%
|
|
Турагент
|
2 000 АЕК-тен кем емес және 5 000 АЕК-тен көп емес
|
сақтандыру сомасының 1,5%
|
Шартты франшиза – бір сақтандыру жағдайы мен әр пайда алушы бойынша айлық есептік көрсеткіштің бес есе көлемі.
Пайда алушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін берілетін сақтандыру төлемі франшиза қолданылмастан жүзеге асырылады.
Сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырушы саяхатшы талап етіп отырған соманың немесе соттың келтірілген шығынның орнын толтыру туралы заңды күшіне енген шешімінің негізінде анықтайды, және ол сақтандыру шартымен белгіленген сақтандыру сомасының көлемінен аспауы керек.
Рухани залал, жіберіліп алынған пайда, тұрақсыздық төлемі орнын толтыруға жатпайды.
Туроператор мен турагенттің туристік қызмет көрсетуімен байланысты зиян шеккен турист, ал туристің өліміне әкеп соққан жағдайда – оның мұрагерлері пайда алушы болып табылады.