Экологиялық міндетті сақтандыру
Сақтандыру Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы №93-ІІІ ҚРЗ «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңының негізінде жүзеге асырылады.
Міндетті экологиялық сақтандыру мақсаты – апаттық ластау нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру болып табылады.
Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі – шаруашылық және басқа да қызметтердің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген, апаттық ластау нәтижесінде қоршаған орта мен (немесе) үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына, мүлкіне келтірген зиянның орнын толтыру міндетімен байланысты мүліктік мүддесі.
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп, сақтанушының сақтанушының апаттық ластау нәтижесінде қоршаған орта мен (немесе) үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына, мүлкіне келтірген зиянның орнын толтыру бойынша азаматтық – құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісін айтады.
Сақтандыру сомасының мөлшері тараптардың келісімі бойынша міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленеді, бірақ бұл кезде сақтандыру сомасының ең төменгі мөлшері төмендегідей қатынаста болуы керек:
|
Жеке кәсіпкерлер үшін
|
5 000 АЕК-тен кем емес
|
|
Заңды тұлғалар үшін
|
65 000 АЕК-тен кем емес
|
|
Қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
|
17 000 АЕК-тен кем емес
|
Сақтандыру тарифі тараптардың келісімі бойынша сақтандыру сомасының 0,59%-дан бастап, 2,65%-ға дейінгі шегінде белгіленеді.