Денсаулықты
«Tірек» жазатайым жағдайдан сақтандыру
Жұмыс, іссапарлар, кездесулер, көңіл көтерулер, саяхат... Заман талабына сай қадам басқан бүгінгі күн адамының осындай бас көтертпес оқиғаларға толы зулап аққан өмірінде қауіп-қатер, сырқат және сәтсіздік жайлы ойлауға еш уақыты жоқ. Дегенмен, өкінішке орай, аталған жайсыз жағдайлар туындаған сәтте күнделікті өмір ағыны өз арнасынан шығып қана қоймай, сонымен қатар қаржы мәселесі қоса туындайды. Көпшілік: «Жайсыз жағдайлардан ешкім сақтандырылмаған...» деп тұжырымдайды. Біз керісінше: «Сақтандырылуға болады!» деп нақты айта аламыз. "TIPEK" бағдарламасы бойынша жас мөлшері 16-ы мен 65 жас аралығындағы тұлғалар сақтандыруға жатады.
Сақтандыру қорғанысының аумағы:
- дүние жүзі;
- Қазақстан Республикасы.
Сақтандыру қорғанысының кезеңі:
- жұмыс барысындағы кезең;
- тәулігіне 24 сағат.
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері:
1) сақтандырылушының тәуекел тобына; 2) сақтандыру аумағына; 3) сақтандыру қорғанысының кезеңіне; 4) таңдалған сақтандыру сомасына байланысты белгіленеді.
15-тен артық адам сақтандырылған жағдайда жеңілдік ұсынылады.
Сақтандыру төлемінің мөлшері:
1) «уақытша еңбекке қабілетсіздік» сақтандыру жағдайы бойынша:
| Сақтандыру сомасы, теңгемен | |||
| 1 000 000 теңге мөлшеріне дейін | 1 000 000-нан жоғары,<br> 3 000 000-ға дейін (қоса алғанда) | 3 000 000-нан жоғары,<br> 7 000 000-ға дейін (қоса алғанда) | 7 000 000 теңгеден жоғары |
| Еңбекке қабілетсіздік жағдайының бір күніне тиісті сақтандыру төлемінің мөлшері, бірақ ол 60 күннен аспауы тиіс | |||
| 1 АЕК | 2 АЕК | 3 АЕК | 4 АЕК |
2) «тұрақты түрде еңбекке қабілеттілік дәрежесінен айрылу» сақтандыру жағдайы бойынша мыналардың мөлшеріне сүйене отырып:
- III топ мүгедектігін белгілеу кезіндегі бір сақтандырушыға көзделген сақтандыру сомасының 40%-на;
- II топ мүгедектігін белгілеу кезіндегі бір сақтандырушыға көзделген сақтандыру сомасының 60%-на;
- I топ мүгедектігін белгілеу кезіндегі бір сақтандырушыға көзделген сақтандыру сомасының 80%-на;
3) «қайтыс болу» сақтандыру жағдайы бойынша – сақтандыру сомасының 100%-на;
Сақтандыру жағдайы туындаған кезде Сіз кез келген медициналық мекеменің жарақатты емдеу бөліміне баруыңыз қажет. Онда Сізге медициналық көмек көрсетіліп, сырқатыңызға диагноз қойылып, тиісті анықтама беріледі. Медициналық мекеменің берген анықтамасы негізінде «Қазкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясының мамандары сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтайды. Оны Сіз компания кассасынан ала аласыз немесе ол сома банктегі Сіздің жеке шотыңызға аударылады.
