Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
320-15-84

Жеке тұлғалар үшін

білу маңызды

сақтандыру жағдайы орын алған кездегі әрекет

Денсаулықты

«Болашақ» бағдарламасы бойынша баланың келтірген зияны үшін қойылатын азаматық-құқықтық жауапкершілік және балаларды жазатайым жағдайдан кешенді түрде ерікті сақтандыру

Бала өмірі мен денсаулығының тыныштығы – ертеңгі күнге деген сенімділік негізі. Егер Сіз балаңызға барлық жақсыны беруге тырыссаңыз және оны өмірдің түрлі жағдайынын жан-жақты қорғауға талпынсаңыз, онда «Қазкоммерц-Полис» СК-ның ұсынатын бағдарламалары – Сіз үшін нағыз қажет дүние. Біз болашаққа Сіздің көзқарасыңызбен үңілеміз, себебі ертеңгі күнге деген сенімділік бүгіннен басталады.

Біздің бағдарламаларымыздың арасындағы ерекше жетістікке ие болғаны – балалардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру үшін және Сіздің балаңыздың үшінші тұлғаға келтіруі мүмкін зиян үшін артылатын жауапкершілікті сақтандыру мақсатында компаниямен арнайы жасалған «Болашақ» бағдарламасы.

«Болашақ» бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Егер бала жарақат алып қалса, кез келген аурухананың қабылдау бөімінің жарақатты емдеу бөлімшесіне апару қажет. Ол жерде балаға алғашқы жедел жәрдем көрсетіледі, жарақат дәрежесі анықталып, диагноз қойылады және медицина мекемесінің анықтамасы беріледі. Қойылған диагноз негізінде «Қазкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясының мамандары сақтандыру төлемінің мөлшерін белгілейді. Оны Сіз компания кассасынан аласыз, немесе ол сома Сіздің карточкаңызға немесе жеке есеп шотыңызға аударылады.

3 жастан 16 жасқа (қоса алғанда) дейінгі жас мөлшеріндегі бала сақтандыруға жатады.
Сақтандыру қорғанысы тәулігіне 24 сағат жүргізіледі.
Сақтандыру қорғанысының аумағы таңдау бойынша:

  • бүкіл әлем
  • Қазақстан Республикасы

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері мыналарға байланысты:

  • Сіз таңдаған сақтандыру сомасына (жауапкершілік лимиті);
  • сақтандыру аумағына;
  • сақтандыру мерзіміне;
  • сақтандырылушының жас мөлшеріне.
Сақтандырылу сәтінен бастап 10 күннен аса мерзім аралығына жеңілдіктер ұсынылады!

Сіздің балаңызбен үшінші тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиян шығысынан қосымша сақтандыру қорғанысы ұсынылады. Бұндай жағдайда «Қазкоммерц-Полис» СК» АҚ зиян шеккен тарапқа келтірілген зиян шығысын өтеп береді.

Сақтандыру төлемі Сіз таңдаған төлем түрі арқылы жүзеге асырылады.

А нұсқасы:

  • Медициналық шығыстардың шығыны өтеледі, бірақ ол (организм қызметінің уақытша бұзылуы жағдайында) сақтандыру төлемінің 20%-нан аспауы қажет;
  • Сақтандырылушы организмі қызметінің «мүгедек-бала» категориясы берілген тұрақты бұзылуы жағдайында – сақтандыру төлемінің 60%-ы;
  • Сақтандырылушының қайтыс болуы жағдайында – сақтандыру төлемінің 60%-ы.

В нұсқасы:

  • жарақат кестесі бойынша организмнің уақытша және тұрақты бұзылуы жағдайында;
  • қайтыс болу жағдайында – сақтандыру төлемінің 100%-ы мөлшерінде төлем жүргізіледі.


Полисті сатып алыңыз
info@kkp.kz ізденіс

© 2010 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс



 Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
320-15-84

Заңды тұлғалар үшін
Ерiктi


Полисті сатып алыңыз

Заңды тұлғалар үшін (ерікті сақтандыру)

Қазкоммерц-Полис Сіздің бизнесіңіздің сәтті жүргізілуін қамтамасыз етеді және сақтандыру саласында кешенді түрдегі шешімдерді ұсынады. Біз өмірде кездесетін тәуекел түрін толықтай жоққа шығармаймыз, бірақ соның салдарының материалдық жағын өз мойнымызға алуға дайынбыз.

Қазкоммерц-Полистің негізгі мақсаты — әрбір басшыға тәуекел-менеджментінің кешенді жүйесін құруға көмектесу. Сондықтан да біз бизнестің әрбір саласына арнап өзіндік сақтандыру аспаптарының жиынтығын жасап шығардық.

Біз заман талабына сай қадам басудамыз және Сіздің жеке бизнесіңізге арнайы жаңа сақтандыру бағдарламаларын жасап шығаруға дайынбыз. Тәжірибелі мамандар кез келген уақытта тәуекел бағасын береді және сақтандыру өнімін ұсынады.

Қазкоммерц-Полистің сақтандыру бағдарламалары — Сіздің бизнесіңіздің жетістік кепілі!
info@kkp.kz ізденіс

© 2010 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс