Денсаулықты
«Олимп» бағдарламасы бойынша спортшыларды жазатайым жағдайлардан сақтандыру
Спорт – үлкен жетістіктер, жаңа рекордтар, бас айналатын жеңістер ғана емес. Спорттың нағыз айнасы – күнделікті өмірде. Спортшылар күнделікті жанкешті жаттығулары мен әрбір жарысқа қатысу кезінде өз денсаулықтарын қауіп-қатерге тігеді. Ал сақтандыру полисіне ие болу ақылы Сіз жазатайым жағдайлардың туындауы кезінде қорғанысқа ие боласыз.
Жазатайым жағдай салдарынан туындаған:
1) сақтандырылушының уақытша еңбекке қабілеттілігінің жойылуы/ сақтандырылушы организмінің уақытша бұзылуы;
2) мүгекдетікке/ мүгедек-бала категориясына әкеп соқтырған сақтандырылушы организмінің тұрақты түрде бұзылуы;
3) сақтандырылушының қайтыс болуы жағдайы сақтандыру жағдайы деп танылады.
Сақтандыру сомасы тараптардың өзара келісімімен белгіленеді.
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері спорт түріне, сақтандырылушының жас мөлшеріне, сақтандыру мерзіміне байланысты анықталады.
Сақтандыру категориясы таңдау бойынша жүргізіледі:
«А» категориясы
1. Жарыстарға қатысу, үлгілі көрсетілімдерге шығу, жиындар өткізу кезеңіне;
2. Жер үсті және басқа да көлік түрлерімен жарыс өткізілетін орынға дейін және кері шексіз қашықтыққа із басу жолында
«В» категориясы
1. Жарыстарға қатысу, үлгілі көрсетілімдерге шығу кезеңіне;
2. Шынығу жаттығулары, жиындар өткізу кезеңіне;
«С» категориясы
1. Спорт жарыстарына (шараларына) қатысу, үлгілі көрсетілімдерге шығу кезеңіне;
2. Шынығу жаттығулары, жиындар өткізу кезеңіне;
3. Жер үсті және басқа да көлік түрлерімен жарыстар (шаралар), жаттығулар, жиындар өткізілетін орынға дейін және кері шексіз қашықтыққа із басу жолында
«D» категориясы
1. Спорт жарыстарына (шараларына) қатысу, үлгілі көрсетілімдерге шығу кезеңіне;
2. Шынығу жаттығулары, жиындар өткізу кезеңіне;
3. Жер үсті және басқа да көлік түрлерімен жарыстар, жаттығулар, жиындар өткізілетін орынға дейін және кері шексіз қашықтыққа із басу жолында
4. Тұрмыста
Сақтандыру жағдайы туындаған кезде:
а) қайтыс болған жағдайда – сақтандыру сомасының 100%-ы;
б) жазатайым жағдай салдарынан тұрақты түрдегі еңбекке қабілеттілік дәрежесінен айрылу кезінде – «Тұрақты түрдегі еңбекке қабілеттілік дәрежесінен айрылу кезіндегі сақтандыру төлемінің мөлшер кестесіне» сәйкес;
в) жазатайым жағдай салдарынан уақытша еңбекке қабілеттілік дәрежесінен айрылу кезінде – «Уақытша еңбекке қабілеттілік дәрежесінен айрылу кезіндегі сақтандыру төлемінің мөлшер кестесіне» сәйкес әр сақтандырылушыға сақтандыру сомасынан алынған пайызбен сақтандыру төлемдерінің мынадай мөлшері белгіленеді.
