Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
320-15-84

Жеке тұлғалар үшін

білу маңызды

сақтандыру жағдайы орын алған кездегі әрекет

Шетелде

«Саяхатшы» бағдарламасы бойынша шетелге шығатын азаматтарды сақтандыру

Шетелдегі саяхат кезінде туындайтын және полиспен қарастырылған барлық мәселелер CLASS ASSISTANCE француздық жетекші сервистік компаниясы арқылы шешіледі.

Тәулігіне 24 сағат бойы, жылына 365 күн қатар CLASS ASSISTANCE компаниясы дүние жүзіндегі өз клиенттеріне қажетті медициналық, техникалық және заң саласы бойынша көмек беру арқылы жоғары деңгейдегі сервистік қызметтерін ұсынады. Өз клиенттерінің мүдделерін жоғары қоя білетін CLASS ASSISTANCE компаниясының биік дәрежелі кәсіптік деңгейі, кең жайылған ассистенттік желісі, қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарын қолдануы және көмек көрсету ісіндегі жылдамдығы сенімді әрі болашағы бар компанияның зор беделін көрсетеді.

Полис категориясына байланысты ұсынылатын сервистік қызмет түрлері:

1. «Standart-travel» категориясы өз ішінде:

  • шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау);
  • медициналық тасымал;
  • көшіру;
  • саяхатшыларды өз елдеріне қайтару қызметтерін қамтиды.

2. «Best-travel» категориясы өз ішінде:

  • шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау);
  • медициналық тасымал;
  • көшіру;
  • саяхатшыларды өз елдеріне қайтару;
  • кәмелетке жасы толмаған балаларды қайтару;
  • шұғыл қажет жағдайларда үшінші тұлғаның келу қызметтерін қамтиды.

3. «Drive-travel» категориясы өз ішінде:

  • шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау);
  • медициналық тасымал;
  • көшіру;
  • саяхатшыларды өз елдеріне қайтару;
  • кәмелетке жасы толмаған балаларды қайтару;
  • шұғыл қажет жағдайларда үшінші тұлғаның келуі;
  • жеке автокөлікті жөндеу және/немесе тасымалдау қызметтерін қамтиды.

4. «Multy-travel» категориясы көп реттік сапар үшін қолданылады және өз ішінде:

  • шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау);
  • медициналық тасымал;
  • көшіру;
  • саяхатшыларды өз елдеріне қайтару;
  • кәмелетке жасы толмаған балаларды қайтару;
  • шұғыл қажет жағдайларда үшінші тұлғаның келуі;
  • ЖКО немесе жазатайым жағдай кезінде заң тұрғысынан көмек беру қызметтерін қамтиды.

5. «Sport-travel» категориясы өз ішінде:

  • шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау);
  • медициналық тасымал;
  • көшіру;
  • саяхатшыларды өз елдеріне қайтару қызметтерін қамтиды.

Бұл категория спортпен айналысатын тұлғалар үшін қолданылады.

Отбасымен саяхат жасауды ұнататындар үшін отбасы полисі жасалған.

Сақтандыру сомалары саяхатшылап келген елдің талаптарына сәйкес 15 000 у.е. мөлшерінен 70 000 у.е. мөлшеріне дейін белгіленеді.

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру аумағына, сақтандыру сомасына (жауапкершілік лимитіне) және шетелге келу мерзіміне байланысты белгіленеді және бір күнде 0,31 у.е. мөлшерінен 2,90 у.е. мөлшеріне дейінгі аралық шегінде өзгеріп тұрады.

Базалық тарифке (барлық демалушылардың жас мөлшері мен жыныстарына және саяхатшылаушылар санына байланысты) жоғары және төменгі коэффициенттің қосымша қолданылуы мүмкін.



Полисті сатып алыңыз
info@kkp.kz ізденіс

© 2010 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс



 Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
320-15-84

Заңды тұлғалар үшін
Ерiктi


Полисті сатып алыңыз

Заңды тұлғалар үшін (ерікті сақтандыру)

Қазкоммерц-Полис Сіздің бизнесіңіздің сәтті жүргізілуін қамтамасыз етеді және сақтандыру саласында кешенді түрдегі шешімдерді ұсынады. Біз өмірде кездесетін тәуекел түрін толықтай жоққа шығармаймыз, бірақ соның салдарының материалдық жағын өз мойнымызға алуға дайынбыз.

Қазкоммерц-Полистің негізгі мақсаты — әрбір басшыға тәуекел-менеджментінің кешенді жүйесін құруға көмектесу. Сондықтан да біз бизнестің әрбір саласына арнап өзіндік сақтандыру аспаптарының жиынтығын жасап шығардық.

Біз заман талабына сай қадам басудамыз және Сіздің жеке бизнесіңізге арнайы жаңа сақтандыру бағдарламаларын жасап шығаруға дайынбыз. Тәжірибелі мамандар кез келген уақытта тәуекел бағасын береді және сақтандыру өнімін ұсынады.

Қазкоммерц-Полистің сақтандыру бағдарламалары — Сіздің бизнесіңіздің жетістік кепілі!
info@kkp.kz ізденіс

© 2010 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс