Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
Жеке тұлғалар үшін

Жеке тұлғалар үшін

Отбасының тыныштығы мен қаржылай қорын қамтамасыз ету – міне, өмірдің мәні!!! Қиын жолды таңдаудың қажеті жоқ – Қазкоммерц-Полис Сіздің тыныштығыңызды қамтамасыз ететін сақтандырудың түрлі бағдарламаларын ұсынады.

Сізді қоршаған түрлі тәуекелдер төмендегідей сақтандыруға жатады:



  • Мүліктің жоғалу немесе бүліну тәуекелі

  • Үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілік тәуекелі

  • Денсаулықты және емге қажет қаржыны жоғалту тәуекелі


Егер Сіз бізге келуге уақыт бөле алмасаңыз, онда:

  • агент шақыру қызметін немесе,
  • On-line полисін сатып алу қызметін пайдаланыңыз.
Қазкоммерц-Полистің сақтандыру бағдарламалары — Сіздің бақытыңыздың кепілі!


Полисті сатып алыңыз


Бонус-малус



info@kkp.kz ізденіс

© 2012 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс



 Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08

Сұрақ-жауап

Менің қызым Швецияның бір университетіне оқуға түсті. Ол жерде тұруға бір жылдық рұқсат алу (residence permit) үшін Швецияда 1 жылға 30 000 евро мөлшеріндегі лимитпен қабылданатын толықтай медициналық сақтандыру талап етіледі. Компания осындай қызмет түрін көрсете ала ма?

Қайырлы күн, біз шетелге шығатын тұлғаларды сақтандыру ісімен айналысамыз. Сақтандыру полисін рәсімдеу үшін Сізге 3 201 459 (Алматы қ.) телефонына хабарласу қажет. Полисті Есентай (бұрынғы Весновака) өз. қиылысындағы Ботаникалық бульвары, Қазтрансгаз кеңсесіндегі медциналық сақтандыру бөлімінде немесе мекен-жайлары мен телефондары сайтта көрсетілген аймақтық кеңселерде рәсімдеуге болады.

Қайырлы күн, 2006 жылы Астана қаласындағы Қазкомда ипотеканы рәсімдедім, еңбекке қабілетсіздік, мүгедектік, өлім рәсімі Қазком есебінен жүргізілді. Несие аударымдары дұрыс жүргізілуде, бірақ сынақ мерзімі жөнінде ойланған емеспін. Әр жыл сайын қайта рәсімдеп отыру қажет пе? Ал 1 жылдық төлем жасалмаған болса, қандай айып шаралары қолданылады? Айып шараларының сомасын несие қарызының сомасына қосуға бола ма? Жылдам әрі толық жауап берулеріңізді сұрап, алдын ала алғысымды білдіремін, себебі жағдай соншалықты қиындап кеткен болса, онда тезірек рәсімдеп, төлем жасау керек.

Қайырлы күн,
1. Сақтандыру шарты жыл сайын рәсімделіп тұруы қажет (несиені алар кезде сақтандыру шарты несиенің толық мерзіміне жасалған жағдайлардан бөлек жағдайларда).
2. ҚРО банкінің агентінде (сақтандыру компаниясының өкілінде) сақтандыру шартын жаңа мерзімге рәсімдеуіңізге болады.
3. Айыппұл жазалау шараларының мөлшері мен олардың өтеу тәртібін банк менеджерінен сұрай аласыз, себебі ол сақтандыру компаниясының емес, банктің қолданатын жазалау шараларына жатады.
4. Сақтандыру полисін жоғалтып алған жағдайда, сақтандыру компаниясына ұсыныс жасап, полистің телнұсқасын алуға немесе алдыңғы полистің қызмет мерзімін білуге болады. Оған қажетті мәліметтер: адамның тегі, СТН-і, жеке басының куәлігі.

Менің банкте депозитім бар, өз депозитімді құнсызданудан сақтандыруыма бола ма?

“Қазкоммерц-Полис” СК” АҚ депозиттерді құнсызданудан сақтандыруды жүзеге асырмайды.

Сәлеметсіздер ме? Мен сақтандыру агенттігін ашайын деп едім, сақтандыру агенттігінің лицензиясын сатып алып, осы сақтандыру агенттігінің атынан жұмыс істеуге болатындығы жайлы естігенім бар. Осы рас па? Сіздер осындай мүмкіндікті ұсына алаыздар ма? Егер Сіздерге қиын болмаса, осы жағдай жайлы және оның қалай жүргізілетіндігі жайлы толығырақ мәлімет берсеңіздер екен. Алдын ала алғысымды білдіремін!

Қайырлы күн, сақтандыру агенттігін ашу үшін ешқандай лицензияның қажеті жоқ. Сақтандыру агенті жеке тұлға немесе ЖК (жеке кәсіпкер) ретінде тапсыру шартының негізінде сақтандыру компаниясының атынан сақтандыру полистерін сату қызметін жүзеге асыруға құқылы.

ҚР сақтандыру қызметі жөніндегі заңының 18,18-1 баптары.

Қайырлы күн! Өткен жылы мен автокөлік алуға «Қазкоммерцбанк» арқылы несие рәсімдеп, Сіздерде 63 500 теңге сомасына автокөлікті сақтандырып едім. Енді осы жылғы сақтандыру сомасын білгім келеді және сақтандырушылардың автокөлікті сақтандыру мақсатында Сіздерге келулеріне бола ма?

Қайырлы күн. Сіздің сұрағыңызға төмендегі мәліметтерді ұсынамын:

1. Сақтандыру полисін ҚРО Банкінің мынадай мекен-жайы бойынша рәсімдеу қажет: Жібек жолы көш., Қонаев көш. қиылысы. Полисті рәсімдеуді бірінші қабаттағы агент жүргізеді.
2. Сақтандыру шартын банк базасына тіркеу және қажетті құжаттарды жинау үшін полисті бір уақытта банкке (банкке арналған данасын) ұсыну мақсатында полистің рәсімделуін міндетті түрде ҚРО-да жүзеге асыру қажет.
3. Егер өткен жылғы сақтандыру сомасы КҚ-ның нақты құнына тең болса және несие шарты да өткен жылы жасалған болса, онда бұл жылғы сақтандыру сомасы өткен жылғы соманың 10%-дық мөлшерінде белгіленеді. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері Сіз таңдаған сақтандыру бағдарламасына сай белгіленеді. Бағдарламаны агент арқылы таңдауға болады.

Мен Қазкоммерцбанкінде ипотекалық несие рәсімдедім. Сақтандыру полисінде заемшыны сақтандыру бойынша уақытша еңбекке қабілетсіздігі — сақтандыру жағдайы ретінде көрсетілген. Жүктілікке және босануға байланысты ауруды куәландыру қағазы осы сақтандыру жағдайына жата ма? Жататын болса, менің жасайтын әрекетім қандай болмақ?

Полис бойынша уақытша еңбек қабілеттілігі деңгейін жоғалтуға, мүгедектікке, өлімге әкеп соқтыратын жазатайым жағдайлары сақтандыру жағдайына жатқызылады.

ҚР-ның сақтандыру қызметі жөніндегі заңына сәйкес, «Денсаулыққа зиян келтірген, соның ішінде жарымжандыққа немесе өлімге әкеп соқтырған Сақтандырылушының ағзасына сыртқы механикалық, электрлік, химиялық және термиялық әсердің келтірілуі нәтижесінде адамның еркінен тыс кенеттен, уақытша орын алған оқиғасы (уақиғасы)» жазатайым жағдай ретінде танылады.

Жүктілік жазатайым жағдайға жатпайды. Сондықтан жүктілік бойынша төлем жүргізілмейді.

Сауал қосыңыз

Атауы
E-mail
Қала
Question


Полисті сатып алыңыз


Білу маңызды


Бонус-малус



Агентті шақыру



Внимание!
Не установленна необходимая версия Flash.




info@kkp.kz ізденіс

© 2012 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс



 Казкоммерц-Полис +7 (727) 258-48-08
Заңды тұлғалар үшін
Ерiктi


Полисті сатып алыңыз


Бонус-малус



Заңды тұлғалар үшін (ерікті сақтандыру)



Қазкоммерц-Полис Сіздің бизнесіңіздің сәтті жүргізілуін қамтамасыз етеді және сақтандыру саласында кешенді түрдегі шешімдерді ұсынады. Біз өмірде кездесетін тәуекел түрін толықтай жоққа шығармаймыз, бірақ соның салдарының материалдық жағын өз мойнымызға алуға дайынбыз.

Қазкоммерц-Полистің негізгі мақсаты — әрбір басшыға тәуекел-менеджментінің кешенді жүйесін құруға көмектесу. Сондықтан да біз бизнестің әрбір саласына арнап өзіндік сақтандыру аспаптарының жиынтығын жасап шығардық.

Біз заман талабына сай қадам басудамыз және Сіздің жеке бизнесіңізге арнайы жаңа сақтандыру бағдарламаларын жасап шығаруға дайынбыз. Тәжірибелі мамандар кез келген уақытта тәуекел бағасын береді және сақтандыру өнімін ұсынады.

Қазкоммерц-Полистің сақтандыру бағдарламалары — Сіздің бизнесіңіздің жетістік кепілі!
info@kkp.kz ізденіс

© 2012 «KKP» Гарантированное продвижение сайта компания INCOM.kz


ізденіс