Түсініктеме
Сақтандыру
сақтандыру жағдайы немесе басқа оқиға басталған кездегі жеке және заңды тұлғаның мүліктік мүддесін заңды қорғау бойынша сақтандыру шартымен белгіленген, сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемі арқылы өз активтері есебінен жүзеге асыратын қатынастар жиынтығы.
Сақтандыру агенті
бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының берген өкілеттігіне сәйкес, солардың атынан және солардың тапсырмасы бойынша сақтандыру шартын бекіту жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға.
Сақтандыру жағдайы
сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын оқиғаның басталуы.
Сақтандыру мүддесі
сақтандырудағы жеке және заңды тұлғаның материалдық мүддесінің шегі.Сақтандыру мүддесі сақтандыру сомасымен нақтыланады. Мүліктік сақтандырудағы сақтандыру мүддесі сақтандырылған мүліктің құнымен белгіленеді. Жеке сақтандыруда сақтандыру мүддесі сақтандыру шарттарында көзделген оқиғалар жағдайында сақтандыру сомасын алу кепілдігімен белгіленеді.
Сақтандыру сомасы
сақтандыру нысаны сақтандырылған және сақтандырушының сақтандыру жағдайы басталған кездегі жауапкершілігінің нақты шегін білдіретін қаржы сомасы.
Сақтандыру сыйлықақысы
сақтандырушының сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру шартында белгіленген көлемде сақтандыру төлемін жүргізу міндетін қабылдағаны үшін сақтанушы төлеуге міндетті ақша сомасы.
Сақтандыру тарифі
сақтандыру сомасы немесе сақтандыру нысанын бірлікке шаққандағы сақтандыру сыйлықақысының құны.
Сақтандыру тәуекелі
басталу жағдайына байланысты сақтандыру жүргізілетін, болуы болжанып отырған қауіпті оқиға. Сақтандырумен жабылатын тәуекелдердің бірқатары сақтандыру талаптарымен қатаң түрде келісілуі керек.
Сақтандыру төлемі
сақтандыру жағдайы немесе жинақты сақтандыру шартында көрсетілген мерзім басталған кезде сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемі шегінде төлейтін ақша сомасы.
Сақтандыру шарты
сақтандырушы мен сақтанушы арасында жасалатын келісім, ол сақтанушының және басқа адамдардың заң мен шарт талаптары аясындағы сақтандыру сыйақысын төлеу мен басқа міндеттемелерді орындауын, сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру талаптары мен тәртібін, сондай-ақ сақтандыру жағдайы басталған жағдайда оның көлемін анықтау бойынша міндеттерін белгілейді.
Сақтандырушы
сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасы үшін шарт жасалған басқа тұлғаға (пайда алушыға) шартта қарастырылған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жасауға міндетті сақтандыру қызметін жүзеге асыру құққығына рұқсатқағазы бар және сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға.
Сақтандырушының жауапкершілік шегі
сақтандырушының сақтандыру шартының талаптарынан туындайтын ең жоғары жауапкершілігі.
Сақтандырылушы
Соның қатысында сақтандыру ісі жүзеге асырылатын тұлға. Шартпен өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылушы болып табылады.
Сақтанушы
сақтандырушымен сақтандыру шартына отырған тұлға. Заңды тұлға да, жеке тұлға да сақтанушы бола алады.
Сақтанушының өтініші
сақтандыру полисін алғысы келетіні туралы жазбаша құжат немесе сақтандыру жағдайының басталғаны туралы ақпарат. Сақтандыру шартын бекітпес бұрын, сақтанушы өтінішінде өзіне мәлім, немесе қызмет бабы бойынша мәлім болуы тиіс және сақтандырушының сақтандыруға алу, әлде тәуекелді қайтарып тастау, сыйақының тиісті мөлшерлемесін тағайындауға әсер ете алатын материалдық тұрғыдағы факторлар мен жағдайлар туралы хабардар етуге міндетті. Егер сақтанушы мұны істемесе, сақтандырушы олар бекіткен шарттан бас тартуға құқылы. Егер сақтандырушы мұны талап етпесе, сақтанушы өз өтінішінде жалпыға мәлім болғандықтан, сақтандырушыға да белгілі деп жорамалдауға болатын немесе олар туралы қызмет бабымен білуге тиіс факторларға қатысты хабарламалар жасауға міндетті емес.